Прокуратура: Серікжан Біләш "қытайлықтарға қарсы соғысқа шақырған"

1855

Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Біләштің ұсталуына Алматыда 8 ақпанда өткен жиындардың бірінде белсендінің "азаматтарды "жиһадқа" - этникалық қытайларға қарсы соғысқа шақыруы" себеп болған. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура ақпаратында Біләштің үстінен тергеуді жергілікті тұрғынның арызы бойынша полиция департаменті биыл 21 қаңтарда бастағаны айтылған.

"Біләш сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғанын саяси сараптама қорытындысы, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалар, куәгерлер жауаптары және басқа да құжаттар растаған" дейді прокуратура.

10 наурызда Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде полиция тіркелмеген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті ұстап, Астанаға алып кеткен. "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деген күдікке ілінген Біләшті 11 наурызда уақытша қамау орнынан шығарды. Сот шешімімен ол екі ай мерзімге үйқамаққа алынды.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket