Ресей депутаты Константин Затулин Қазақстанға кіріп кетті

2793
Adyrna.kz Telegram
Фото: wikipedia
Фото: wikipedia

Ресейдің Мемлекеттік думасының ТМД істері және еуразиялық интеграция жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, депутат Константин Затулин Қазақстанға кірерде кедергіге ұшырады. Бұл туралы rbc.ru жариялады,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Константин Затулинді паспортты тексеру пунктінде басында Қазақстанға кіргізбей қойған. Қазір оның елге кіргені айтылады.

Аздаған қиындықтан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің араласауымен мәселе шешілді, – делінген материалда.

Кейбір мәліметке қарағанда, Затулиннің Байқоңырға келгені хабарланған.

Айта кетейік, Константин Затулин бұған дейін Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіріп, еліміздің солтүстік облыстарын Ресейге қайтару жөнінде пікір білдірген. Ол тіпті, былтыр маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Украинаның территориясында құрылған ЛХР мен ДХР секілді квазимемлекеттік құрылымдарды ешқашан мойындамайтынын айтқанда, оның бұл пікірін сынап, Қазақстанға «ескерту» жасаған болатын.

Қазақстанда орыс халқы көп тұратын бірнеше облыс бар. Біз барлық жерде достық болса, Ресей мен Қазақстанның арасында ынтымақтастық пен әріптестік бола беретінін айтып келеміз. Ал егер де... достық болмаса, онда Қазақстанда Украинадағыдай жағдай қайталанады, – деген еді ол.

 

 

Пікірлер