Көліктегі 7 адамның қазасы… Атырау мен Оралдағы жол апаты

3805
Adyrna.kz Telegram
Фото: moigorod.kz
Фото: moigorod.kz

Орал маңында апат болып, соның кесірінен екі ересек пен бала қаза тапты. Бұл туралы “Мой город” сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 20 мамыр күні сағат 23:05 шамасында болған.

Подстепное –Меловые горки автожолымен жүріп келе жатқан Changan автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, жартылай тіркемесі бар VOLVO маркалы автокөлікпен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Changan жүргізушісі және оның 2011 және 1977 жылғы екі жолаушысы есін жимай, мерт болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция бұл ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Дәл сол түні сағат 02:20 шамасында Атырау облысындағы Доссор-Құлсары - Бейнеу тас жолының 133-шақырымында да жол апаты болған.  Toyota Ipsum және КамАЗ көліктері соқтығысып, соның салдарынан Toyota Ipsum өртеніп кетті. Toyota Ipsum-да болған жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты. Солардың ішінде бір бала болған.

Пікірлер