Өткен аптада профессор Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен». (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабынан «Ағылшын-саксондар мен сақтардың ара-жігі» бөлімі оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бірге оқиық.
Ағылшын-саксондық Ұлыбритания мен тілдері герман тобына
кіретін скандинавиялық Норвегия, Дания және Швеция
халықтарының тілдеріндегі лингвистикалық ұқсастықтардың түркі
тілдеріне де қатысы бар екені көзге ұрып тұр. Мәселен, түркі
тілдеріндегі тіс, тіл, бел, белдік, елік, өгіз, сор (ащы), жер, сор
(мұң), дала, абад деген сөздер мен тура сол ұғымдарды білдіретін,
ағылшын және скандинавия тілдеріндегі дәлме-дәл немесе олардың
ауыспалы метонимиялық баламаларының өте ұқсас екенін
байқамау мүмкін емес. Мысалы, ағылшын тілінде тіс – tooth
(жекеше түрі), teeth (көпше түрі); тіл – tongue (бұл сөз бен қазақ
тіліндегі таңдай деген сөздің түбірі бір); бел – belly; белдік – belt;
елік – elk (бұлан); өгіз – ox; сор (ащы) – sour; жер – earth; сор
(мұң) – sorrow; дала – dale; абад – abode. Ал норвег/дат
тілдеріндегі әлгі сөздердің баламалары төмендегідей: тіс –
tann/tand (ауыспалы метонимиялық атау, себебі тіс таңдаймен
жапсарлас); тіл – tunge/tunge (метонимиялық атау, себебі тіл мен
таңдай жапсарлас); белдік – belte/balte; елік- elg (бұлан); өгіз –
okse/okse; сор (ащы) – sur; жер – jord/jord; сор(мұң) – sorge/sorg;
дала – dal/dal деген сөздердегі ұқсастықтар да көзге ұрып тұр.
Сосын, Скандинавия тілдеріндегі жер деген сөздің jord деген
баламасынан жұрт деген ұғымның да төбесі қылтиып тұр.
Мән бермеуге болмайтын және бір лингвистикалық фактор
мынау: түркі тілдеріндегі көптік жалғауларға ұқсас норвег тілінде
де – r, – er секілді көптік жалғаулар бар. Мысалы: uge (апта) – uger
(апталар); mened (ай) – meneder (айлар). Сосын, дат тілінде де зат
есімдердің 75 проценті -r немесе -er көптік жалғауын қабылдайды.
Тек зат есім дауысты дыбысқа бітсе -r, ал дуыссыз дыбысқа бітсе -
er жалғанады. Алдыңғы екі тілмен туыстас скандинавиялық швед тілінде
де көптік жалғауға қатысты осындай заңдылық байқалады.
Мұндай заңдылықтың және бір көрінісін кейбір байырғы
скандинавиялық сөздердің этимологиясынан да көреміз
Мәселен, байырғы скандинавиялық адам есімдерінің бірі бүгінгі швед
тіліндегі ‘Ake’ деген сөздің мағынасы өз тіліміздегі ‘әке’ деген
ұғыммен сай келеді. Сол сияқты, байырғы скандинавиялық
‘Arne’деген ер адам есімінің этимологиясына көз жіберсек, ол
сөздің о бастағы формасы - ‘qrn’, яғни ‘қыран’ екен. Немесе
Википедия энциклопедиясындағы ‘Этимология’ деген мақаладан
алынған мына мысалға назар аударсақ, ‘тырна’ деген ұғымды
білдіретін бүгінгі ағылшын тіліндегі ‘crane’ ескі ағылшын тілінің
‘cran’ деген сөзінен тараса, бұл сөздің немісше баламасы - ‘Kran’.
Сәйкесінше, әлгі сөздің байырғы неміс тіліндегі формасы – ‘krano’.
Ал дәл сол сөздің нидерланд тіліндегі баламасы – ‘krano’ болса,
байырғы скандинавия тіліндегі баламасы – ‘trani’ немесе‘trana’.
Соңғы сөз айтылуы жағынан да, жазылуы жағынан да өз тіліміздегі
‘тырна’ деген сөздің баламасы екені айқын көрінеді. Сондай-ақ,
ағылшын тіліндегі boot деген сөз бен өз тіліміздегі бұт деген
сөздің, сол сияқты, қырғыз тіліндегі бұткиім дген қос сөздің
құрамында тұрған бұт деген сөздің арасында көзге көрініп тұрған
семантикалық байланысты байқамау мүмкін емес. Өйткені
ағылшын тіліндегі boot “аяқ киім” деген ұғымды білдірсе, өз
тілімізде адамның жүру-тұру қызметін атқаратын жамбастан төмен
орналасқан борбай деген ұғымды білдіреді. Ал қырғыз тіліндегі
бұт немесе бұткиім деген қос сөздің құрамында тұрған бұт деген
сөз аяқ деген ұғыммен мағыналас.
Википедияда келтірілген «Old Nordc Vocabulary» («Байырғы
скандинавиялық сөздік») деген тақырыппен ағылшын тілінде
берілген мақалада мынадай мәлімет кездеседі: “Brave” has six synonyms:
bitr, frœkn, góðr, hraustr, snjallr and vaskr. Сол мәліметті
қазақшаласақ, «‘Батырдың’ алты синонимі бар. Олар:
bitr, frœkn, góðr, hraustr, snjallr and vaskr» болып шығады. Зер
салған оқырман әлгі синонимдік қатардың басында тұрған ‘bitr’
деген сөздің өз тіліміздегі ‘батыр’ деген сөзбен мәндес екенін
байқамауы мүмкін емес. Ендеше, осы мысалдарды негізге ала
отыып, байырғы түбі түркі сақтар мен скифтердің ағылшын-
саксондықтармен ғана емес, скандинавиялықтармен де белгілі бір
жақындығы бар десек, қателесе қоймасымыз анық. Өйткені ол
жақындық жоғарыдағы лингвистикалық мәліметтерден өте айқын
көрініп тұр. Сосын, сақтар мен скифтерді тек тілдері үндіеуропа
тобына жататын парсылармен ғана туыстастыру шындықтан мүлде
алыс жатыр. Өйткені сақтар ғана емес, скифтердің де түп тамыры
түркі өркениетімен тамырлас екенін бүгінгі таңда ешкім жоққа
шығара алмайды. Сондай-ақ, генетикалық және лингвистикалық
тұрғыдан зер салар болсақ, осыдан 40 мың жыл бұрын Азиядан
Америкаға қоныстанған байырғы америкалық «үндістердің» арғы
тегі де байырғы түркі өркениетімен сабақтас екенін бұл күнде күллі
әлем ғылымы мойындайды. Бұл сабақтастық әсіресе, Солтүстік
Америкадағы қорған мәдениеті мен Еуразиядағы скиф, сақ және
ғун қорған мәдениетінің етене ұқсастығынан және майя тілі мен
түркі тілдерінің арасындағы лингвистикалық байланыстардан да
ерекше байқалады.
Қорғандар демекші, Солтүстік Америкадағы Кахокия
қорғандры мен Қазақстандағы Есік қорғандарының, сол сияқты
олардың Скандинавия қорғандарының бір-бірімен ұқсастығын байқамау мүмкін емес.