Ринат Заитов Алматы әкімдігінен айтыскер ақындарға жеке ғимарат сұрады

1804
Adyrna.kz Telegram

Депутат Ринат Заитов Парламенттің кезекті отырысында өзінің депутаттық сауалын Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевқа, премьер-министр орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады. Ол қазақтың айтыс өнерінің қоғам үшін маңыздылығын айтып, Алматы қаласынан арнайы жеке ғимарат ұсынуды сұрады, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Парламентте айтылды. 

"Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан ерекше болған. Сөз қадірін, өз қадірім деп ұққан қазақ, айтыс өнерін біртұтас мемлекеттің мүддесін қорғайтын пікірталас алаңы деп білді. Бүгінгі күнге дейін ара тұра министрліктен бөлінген қаржыға ұйымдастырылып жүрген айтыстар болғаны болмаса, мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айта алмаймыз. Сіздерден сұрайтынымыз, біріншіден Алматы қаласынан Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағының тұрақты мекен-жайы болатын арнайы ғимарат қарастыруыларыңызды, сондай-ақ Мәдениет мнистрлігі тарапынан жүйелі қаржыландыруларыңызды сұраймыз" деді Заитов.

Қоғам белсендісі, айтыскер ақын, журналист Оңағар Қабден видеоны желіде бөлісіп, аталмыш ғимаратқа Жүрсін Ерманның  атын берсе де артық етпейтінін жазды:

"Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер Одағына деп қабылдаңыздар. Жыраулар мен термешілер де өгей баланың күйін кешіп жүргені өтірік емес. Әр облыс орталығында Ассамблеяға да бір бір зәулім сарай бердік қой. Ақындар мен жыршы, термешілердің өз алдына жеке сарайы болғаны дұрыс. Ол сарайға Жүрсін Ерманның атын беріп қойса да артық емес" деп бөлісті ол.

 

Пікірлер