Смайылов министрлерге сөгіс жариялады

1760
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Әлихан Смайылов Асан Дарбаевқа үйлестіру жұмыстарын жеткіліксіз жүргізгені үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасына сөгіс жариялады, сондай-ақ Ұлттық экокномика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантировқа ауызша ескерту жасады. Бұл туралы билік баспасөзі байнадады.

«Біз Президент пен тұрғындар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты тұрақты түрде әділ сын еститінімізді білесіздер. Алдағы жылыту маусымында өткен қыста болған төтенше жағдайға жол бере алмаймыз. Сұраныс қатаң болады, деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр саланың проблемаларын ескере отырып, Президент еліміздің бүкіл тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырғанын атап өтті. Дегенмен, ол коммуналдық қызметтердің тарифті реттеп, жаңғырту жұмыстарын бастау үшін қажетті құжаттама баяу дайындалып жатқанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер