“Тайвань — Қытайдікі”. Президент Тоқаевтың сұхбаты

8149
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбатында Қазақстанның Тайваньға қатысты ұстанымын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Телеарна журналисі Тоқаевтың Тайвань туралы пікірін сұраған.

"Біз бұл әлемдегі барлық адамға айдан анық мәселе деп есептейміз. "Екі Қытай" болмауы керек. Тайвань Қытайдың бір бөлігі болып табылады. Барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы принципі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген. Ереже сақталуы керек”, – деп жауап берді Тоқаев.

Мемлекет басшысы тайвань Қытайдың бір бөлігі екенін бірнеше рет қайталады.

“Бұл қағида Шанхай ынтымақтастық ұйымының декларациясы мен Жарғысында да белгіленген. Сондықтан мен тағы да бір рет атап өткім келеді. Тайвань Қытайдың бір бөлігі. Және бұған еш күмәніміз жоқ", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап беретіні хабарлаған едік.

Пікірлер