Соғыс балалары - бейбіт күннің аналары

7487
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ардагерлерді ардақтаймыз» игі акциясын жалғастыруда. Бүгін оқушылар Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлеріне барды.

Таисия Карабут тыл еңбеккерінің оқиғасы сонау Сібірден басталады. Соғыс жылдарында Таисия Федоровна аға-әпкелерімен бірге бала кезінен еңбек етті. Олардың жұмысы - масақ жинау болатын. 1945 жылы әкелері соғыстан 2 топтағы мүгедек болып оралды. Соғыстан кейін Қазақстанға темір жол салуға бірінші болып аттанды. Кейін отбасымен Қазақстанға көшіп келген.

Мұнда Таисия Федоровна жаңа өмір бастады: Шымкент техникумын бітіріп, тұрмысқа шығып, Талдықорған қаласына жұмысқа жіберілді. Қазір 87 жаста, үш баласы, бес немересі, бір шөбересі бар.

Келесі бағыт Тамара апаның үйіне алып келді. Тамара Москалева кішкентай кезінен «соғыс» деген суық сөзді естіп келген жан. Әлі күнге дейін әр естеліктен көзіне жас алады.

Немістер Тамара Федоровнаның үйін штабқа айналдырып, отбасы моншада тұруға мәжбүр болды, үш жылдан кейін олар партизан окоптарында өмір сүрді. Соғыстан кейін олар үлкендермен бірдей жұмыс істеді: орманнан ағаштарды тасып, бидайдың масақтарын жинады.

Сондай-ақ бұл күні NIS оқушылары тыл еңбеккерлері Вера Гупанова мен Зоя Хромченкоға барды.

Соғыс жылдарындағы естеліктер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Жыл сайын оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және еңбеккерлерімен кездесіп, акциялар, азық-түлік қоржындарын ұйымдастырады.

 

Пікірлер