Назарбаев канцеляриясының бұрынғыдай ықпалы жоқ – Мәулен Әшімбаев

2375
Adyrna.kz Telegram
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Қазір Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев канцеляриясының бұрынғыдай ықпалы жоқ. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ өкілі Мәулен Әшімбаевқа «Қазір бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев канцеляриясының керегі бар ма? Оған миллиардтаған қаржы бөлінеді» деп сұрақ қойды.

Төраға онда қысқарту болғанын, бұрынғыдай ықпалы жоғын атап өтті.

“Менің білуімше, канцелярияның көлемі қысқарған.. Онда жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт азайды. Осыған байланысты бюджетті қарағанда қаржы (бөлу) мәселесін қарайтын шығармыз. Онда бұрынғыдай біраз адам жұмыс істеп жатқан жоқ, әрі қазір үлкен функциялары да жоқ... Бұрынғыдай сіз айтқан млрд-таған қаржы (бөлінетін), функциясы бар, мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін институт туралы әңгіме жоқ”, - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесінде штат саны 40 пайыз қысқарды. Қазір кеңседегі штат саны – 30 бірлік.

Пікірлер