Теннис. Жаңа Зеландияны ойсырата жеңген қазақ жастары бүгін Қытай командасымен бәсекелеседі

2783
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/1200xauto_vmmtlzvrqluafbgej3glo0jhemxtmbplwwqfoyo0.jpg
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия–Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан Juniors Davis Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирінде қазақ жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты. Бүгін ел өрендері қытайлық Тайбэймен бәсекелеседі. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқастып, бақ сынасты. Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1. Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2. Бүгін қазақ спортшыларының қытайлық Тайбэй командасымен кортқа шығады хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии