Қызылорда әкімі 100 жастағы ардагерге көлік кілтін табыстады

7747
Adyrna.kz Telegram

Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда облысы Шиелі аудан орталығындағы ардагер Сәрсенбек Байжановқа Сыр жұртшылығы көлік сыйлады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ақсақалдың үйіне барып, оны ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

«Қазақта «қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» дейді. Биыл сіздің 100 жасқа толуыңызбен қатар Ұлы Жеңістің 78 жылдығын да тойлаудамыз. 9 мамырды Ұлы Жеңіс мерекесі десек те, оған жететін жолдың қаншалықты ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды біз мәңгі есте сақтаймыз. Майдан даласында Отан үшін кеудені оққа тосқан ерліктеріңіз бен қайсарлықтарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз», - деді облыс әкімі.

Ғасыр куәгері Сәрсенбек Байжанұлы береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтып, ақ батасын берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 6 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер