АҚШ тергеуді бастады. Binance ресейліктерге санкциядан айналып өтуге көмектесті деген күдікке ілінді

2692
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Әділет министрлігі криптобиржалық ірі құрылым Binance-ке қатысты тергеуді бастады. Компания ресейліктерге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп, пайда тапты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Bloomberg"-ке сілтеме көрсете отырып. 

Тергеуде Binance шенеуніктерінің Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты қойылған санкцияларды бұзып-бұзбағаны анықталмақ.

Алайда Binance барлық америкалық және халықаралық сипаттағы қаржылық санкцияларды толығымен орындап отырғанын мәлімдеді. Хабарламада:

"2021 жылы Binance корпоративтік басқару құрылымын толығымен қайта құруды қолға алды. Оның ішінде Биржаның жаһандық қызметін түбегейлі өзгерту үшін әлемдік деңгейдегі тәжірибелі басшыларды серіктестікке тарту жайлы бастама көтерді", — делінген.

Биржа өкілдері  қосымша тіркеулерге, анонимді тұлғаларға және жасырын ақша көздерін ашуға қатаң тыйым салып, аса сақтықпен қарайтынын еске салды.

Орайы келгенде айта кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Binance Еуропалық одақтың бесінші санкциялар пакетіне сәйкес арнайы шектеу шартын белгіледі.  Нәтижесінде, ресейліктер үшін операциялар жүргізу лимиті 10 мың еуроға түсті. Бірақ бір жылдан кейін, 2023 жылдың сәуір айының ортасында, бұл шектеулер алынып тасталды. Бірақ Ресей азаматтары үшін P2P саудасы арқылы шоттардан доллар мен еуро алуға тыйым салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер