Анкарадағы саммитте Ресей мен Украина делегаттары төбелесті (ВИДЕО)

4828
Adyrna.kz Telegram

Анкарада өтіп жатқан Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының саммитінде Ресей мен Украина делегаттары арасында төбелес болды. Қақтығыстың бейнежазбасын «Россия 1» телеарнасының тележүргізушісі Ольга Скабеева жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға Мемлекеттік Думаның депутаты Ольга Тимофееваның сөз сөйлеуі кезінде болған. Оның артына украин делегациясының өкілі келіп, өз елінің туын іледі. Мұны көрген ресейлік шенеунік оған жақындап, туды жұлып алып, өзімен бірге алып кетуге тырысады. Жалауды қайтарғысы келген Украина делегаты оны ұра бастайды. Осылайша кездесу аяғы төбелеспен аяқталды.

«Қазір өкіліміз ауруханада қажетті тексеруден өтіп жатыр. Ол консулдық көмек алды. Түрік билігінің назары осы іске аударылуы тиіс. Қылмыскерлер жазаланады деп сенеміз», - деді Ресейдің Түркиядағы елшілігі.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер