"Мұқағали тұрды деген үй баяғыда бұзылып кеткен". Қарасазда Мақатаевтар қарашаңырағы елеусіз тұр

1864
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қанат Әбілқайыр мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев мекен еткен Қарасаздағы үй қаңырап тұрғанын жазды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 
Қарасаздағы кезекті поэзия кештерінің біріне барғанда Қанат Әбілқайыр ауылды аралап, Мақатаевтар әулетінің үйіне жолы түседі. Оның айтуынша ақын үйін бүгінде кісілер баспана етіп отыр.
"Екі бөлмелі үйдің төбесінен бөренелердің діні көрініп тұр. Былғарыдан қапталған есік пен қалың тақтайлы едені де кемі 60-70 жылдан бері кәдеге жарап тұрғаны байқалады. Терезе де баяғы заманды еске түсіреді" деп жазды ол.
Ауыл адамдары мен әкімдіктен сұрастырған ақпарат бойынша қонақ еткен үйлері Мұқағали Мақатаевтың Қарасазға келген сайын осы үйге қонып, аунап-қунаған, Мұқағалиды өмірге әкелген Нағиман анамыздың осы үйде өмірінің біраз бөлігін өткен, Мұқағалидың бауыры Тоқтарбайдың қасиетті ордасы болған қара шаңырақ екені белгілі болды.
Орыс ақыны Пушкиннің Орал қаласында аз уақыт аялдаған кезде тұрған үйі қазір Пушкиннің мұражайы, ал Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражайы болып тұрған баспанада Ахмет атамыз аз уақыт қана өмір сүргендігін айтып, бұл баспананың да елеусіз қалмағанын қалайтынын жеткізді қоғам белсендісі.
Қанат Әбілқайыр Мақатаевтар әулетінің көзінің қарашығындай болып сақталған көне ағаш үй мемлекет қорғауына алынып, үйдің қабырғасына бұл үйдің Мақатаевтар әулетіне тиесілі үй екені туралы тақтайша орнатылып, музей балансына сатып алып, музей филиалына айналдырып, Мұқағалидың үй жағдайында қолданған жәдігерлері қойылып, ақынның рухани ордасына айналғанын қолдап отыр. Жазба астына пікір қалдырған әдебиет жанашырына айналған жұртшылық, айтылған идеяны қос қолдап қолдауда.
Пікірлер