Қазақ анимациялық фильмі Испанияда өткен кинофестивальде топ жарды

2190
Adyrna.kz Telegram
"Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде 1500 үміткердің ішінде ең үздігі ретінде танылды. Бұл жөнінде "Адырна" ұлттық порталы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан "Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі "Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм" жүлдесін жеңіп алды.

"MADFA Madrid Film Awards – 2023 20-шы халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылды", - деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов "Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болатынын" атап өтті.

Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді. Фестиваль жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосады.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер