"Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9%-ке ұлғайып, 9,3 трлн теңге болды. Өсудің негізгі факторы болған өсімдік шаруашылығында өнім өндіру көлемі 15%-ке артты. Жоспарды іске асырумен бірге, делдалдық схемалардың жолын кесу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және нарықтық реттеу шаралары белсенді түрде іске асырылып жатыр. Қабылданған шаралар оң нәтиже берді. Өткен 2 апта ішінде негізгі азық-түлік бағаларының өсуі тіркелген жоқ. Агроөнеркәсіп саласында бірқатар жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, өндірісті одан әрі әртараптандыру үшін 65 тауарлы-сүт фермасы іске қосылады", деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты. Әсіресе, нарық қажеттіліктерін анықтап, көкөніс қоймаларын жаңарту, қысқа мерзім ішінде субсидиялаудың онлайн-платформасын дайындауға мән берілмек.
Және де «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен бірлесіп, маусым айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті өнімдерін сатып алу, оның ішінде көрші елдерден әкелеуді қамтамасыз ету, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Азық-түлік корпорациясының» жұмысын нарыққа сай қайта құру бағыттары да басты назарда.
"Адырна" ұлттық порталы