Түркияға шабуыл жасауды ұсынған алматылық депутаттың 6 миллиардтан асатын мемлекеттік келісімшарты бар

2128
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинскаяның қолында 6 миллиард теңгеден асатын жүзге жуық мемлекеттік келісімшарттар бар, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы ulysmedia.kz хабарлады. 

Кәсіпорынның ірі келісімшарттары Алматыдағы Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен, Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасымен, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен, «Алматы жылу желілері» ЖШС-мен жасалған.

Осы келісімдерге қарағанда, депутат тең құрылтайшы болып табылатын «LEU» фирмасы Алматыдағы Ганди саябағын, Иманов алаңын, Ганди саябағының батысындағы скверді абаттандырумен және Әуезов ауданындағы жасыл желектерді қорғаумен айналысып жатыр.

Анна Башинская - Алматы қалалық мәслихатына Amanat партиясынан сайланған депутат. Ол Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасындағы Зеленсскийдің жоспары туралы жаңалыққа Қырымның орнына, Түркияға шабуыл жасауды ұсынып, пікір қалдырған. Бұл пікір парақшада дау тудырған. Соңынан депутат жазғанын алып тастап, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "ойланбай айтқан" пікірі үшін кешірім сұраған.

Amanat партиясы басшылығы бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жарияламады.

Пікірлер