Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні

1876
Adyrna.kz Telegram

1 мамыр күні қазақстандықтар халықтар бірлігі мерекесін тойлайды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. Мереке 1996 жылы тойлана бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойып, сол арқылы ресми түрде бұл күнді жұмыс күндері тізімінен алып тастады.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, онда 150-ден астам ұлттар тұрады. Осы жылдар ішінде мереке барша қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды. Оның мақсаты – халықтар достығының, бейбітшілік пен ынтымақтың, жүздеген мәдениеттерді біріктірудің маңызды құндылықтарын тағы бір рет еске түсіру.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырды келісім, бейбітшілік және ынтымақ идеяларын қамтитын маңызды мереке деп атады.

"Біздің қоғам - ортақ мұраттар мен құндылықтар біріктірілген еркін және саналы азаматтардың одағы. Бұл ұлттық болмысымыздың тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде біздің барлық азаматтарымыз өздерін бір үлкен және біртұтас қазақ отбасының мүшелері ретінде сезінеді, шын мәнінде Біз бәріміз бір отбасымыз, бұл жай сөздер емес, біздегі шындық.

Біздің төлқұжатымыз адамға этностық тегіне, діни көзқарасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттердің толық кешенін береді. Біздің төлқұжатымызға ие болу әрқашан және барлық жерде өз мемлекетіңіздің қамқорлығында болу деген сөз», - деді Мемлекет басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер