Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Болат Назарбаевты, Қарасай ауданы әкімінің аппаратын және тағы бірнеше мемлекеттік мекемені сотқа берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот құжаттары жалпыға қолжетімді. Олардан Қарасай ауданының бұрынғы әкімі Болатбек Құтпанов Болат Назарбаевпен бірнеше заңсыз сатып алу-сату шартына қол қойғаны байқалады.
Сөйтіп, шенеунік 2004 жылдың 6 қыркүйегінде экс-президенттің ағасына 22,0 гектар жер телімін сатып жіберген. Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының солтүстігінде.
2005 жылы 8 тамызда Назарбаев сол кездегі әкімнен 71500 гектар жер телімін қайтадан сатып алады. Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының солтүстігінде.
Мемлекеттік органдар Болат Назарбаевқа тағы бірнеше жер телімін берген.
2004 жылдың көктемінде «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен Қаскелең қаласының солтүстігіндегі 24100 га жерді, сондай-ақ Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы 26300 га жерді жалға алған.
Назарбаев 2015 жылы аудандық жер қатынастары бөлімінен Қаскелеңнен солтүстікке қарай тағы 24100 гектар, Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы 26300 гектар жерді сатып алған.
2019 жылы «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Болат Назарбаевқа Қаскелең, Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы 28000 гектар жерді сатып жіберген.
Жоғарыда аталған мәмілелердің барлығы сотпен жарамсыз деп танылды.
«Назарбаев Болат Әбішұлынан мемлекет кірісіне 12 075 теңге мемлекеттік баж өндірілсін», - делінген құжатта.
Еске салайық, 20 сәуірде «ескі» Қазақстандағы алкоголь нарығы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қолында екені белгілі болды. Ал 17 сәуірде сот Болат Назарбаев «Барыс» базарынан айырылды.