Салық саны артты. Табиғат байлығын еркін пайдаланатындар енді салық төлейді

2874
Adyrna.kz Telegram

Салық заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, табиғат байлықтарын  пайдалануға қатысты жасалатын төлемақы жаңа ережелерімен толықтырылып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (оның ішінде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер) объектілерге ғана салық салынатын болса, келесі жылдан бастап осы аумақтан тыс жерде жиналатын жабайы өсімдік түрлері үшін де салық енгізіледі (Салық кодексінің 69-тарауының 6-параграфы).

Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыc әрі фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін жиналатын жабайы өсімдік түрлері бойынша төлемақы қарастырылып жатыр.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары (Мәслихаттар) өсімдіктерге, өсімдіктердің жабайы түрлеріне, қатысты төлемақыны мөлшерін белгілейді.

Тұлғаларға өсімдік ресурстарын пайдалану құқығы төлемақы төленіп, арнайы хабарлама жіберілген жағдайда ғана берілмек.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер