Гүлімай Қуанышова. Құлап түссем! ӨЛЕҢГЕ!!!

2365
Adyrna.kz Telegram

Қуанышова Гүлімай Әбіщқызы. 1970 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аяққұм ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. "Ай қызы - арман", "Дат, тақсыр тағдыр" жыр жинақтарының авторы.

 

Қызғалдақтың бүршігіне тығылып

мүсəпірлеу сезімім,

жабығынан сығалайды жаһанның...

нəті-діріл,көзі-мұң.

Түні бойы иінағашпен бұлт көсіп

іздеп жүрген төзімін

Айдың қызы қайда кетті таң ата?

...Ол – мен! Соның өзімін!

 

***

 

Тəңірінің құзырына сыйып,

жақұт тағымды да қиып,

ұжданымды алқымыма түйіп,

жырдан қамыт киіп,

қадам сайын қисса жиып,

тəубеме теңіз толқыны да иіп,

алма бетімді ай сүйіп,

мен пейіштен келдім

хаққа!

Ақиқаты да жалған жаққа!

 

***

 

Дауысы- дауа есті үннің,

көкейде бүрі өскіннің,

өзегімде тамыры

өткен берекелі бес күннің.

Өз таңдайым талмайды

ортағы жоқ ешкімнің.

Бөлісер ем,болмайды.

Ол-қайғы!

Кəдімгі зəһар!

Өрт өлең!

Нұр болса əр тамшысын

шашыратып,шертер ем.

Бұл-дерт өлең...

 

***

 

Айырмастан соры қайда,бақ қайсы...

қыршып өтіп бара жатыр ақ қайшы.

Қойын-қонышы шұрық-тесік дүние-ай,

абайсызда түсіресің...таппайсың!

Көзің жасы араша емес,мақұлдау.

Мəртім еді,мұзды ақиқат шақырды-ау.

Жəннəт сынды жамбастағы ақ орам,

мəйіт кетті.Кетті мəйіт батылдау.

Намаз саптап тəубешіл мен сауғашыл,

жасық қалды жая жаздап жауға сыр.

Құба жонда қабырғасы қайысқан

құлындарын жұбатып жүр нау ғасыр.

Куə-куə,куəдүрім сан қайғы.

Бақи айтса,танбайды.

Фəни кештеу аңдайды.

О мен бұ-ның жігі--қара құлпытас!

Соғып жатыр,соғып жатыр маңдайды.

Ақиретке айтам ақтық бітімді,ел!

Тебен болам ақ қалтасын бүтіндер!

Тігіс тістеп,қалам мəңгі тіреліп!

Не жыртығын жамап қайтам.

Күтіңдер!

 

***

 

Мұрындығын үзді ақпан тапырақтап.

...Түйесі түгел кімнің?..

Бұйдасын дəлу неге түріп жатыр

тізесін бүгер күннің?

Ақ түтек ала таңда пысқырынды.

Құр құлақ қайшылар ма

Сəуегей,боз боранға ішірткі бер,

іш тартып,ай шыдарға.

Бесінде-ақ ызадан күн сүйірленді,

сəуле ойнап шекесімен.

Зып берді ынсапты ымырт иек астынан

көңілдің көкесімен.

Уілдек қараңғыны індетіп жүр,

қаһарға міне шауып.

 

Айылы ағекемнің бостау екен...

барады сафар ауып,

сафар ауып.

 

***

 

Мұрындығын үзді ақпан тапырақтап.

...Түйесі түгел кімнің?..

Бұйдасын дəлу неге түріп жатыр

тізесін бүгер күннің?

Ақ түтек ала таңда пысқырынды.

Құр құлақ қайшылар ма

Сəуегей,боз боранға ішірткі бер,

іш тартып,ай шыдарға.

Бесінде-ақ ызадан күн сүйірленді,

сəуле ойнап шекесімен.

Зып берді ынсапты ымырт иек астынан

көңілдің көкесімен.

Уілдек қараңғыны індетіп жүр,

қаһарға міне шауып.

Айылы ағекемнің бостау екен...

барады сафар ауып,

сафар ауып.

 

***

 

Мұрындығын үзді ақпан тапырақтап.

...Түйесі түгел кімнің?..

Бұйдасын дəлу неге түріп жатыр

тізесін бүгер күннің?

Ақ түтек ала таңда пысқырынды.

Құр құлақ қайшылар ма

Сəуегей,боз боранға ішірткі бер,

іш тартып,ай шыдарға.

Бесінде-ақ ызадан күн сүйірленді,

сəуле ойнап шекесімен.

Зып берді ынсапты ымырт иек астынан

 

көңілдің көкесімен.

Уілдек қараңғыны індетіп жүр,

қаһарға міне шауып.

Айылы ағекемнің бостау екен...

барады сафар ауып,

сафар ауып.

 

***

 

Өмірзая!

Мендіктің зая бəрі.

Жек көргенім,сүйгенім...аяғаным.

Сиямын деп сүннеттің қалыбына,

қиямын бек құрметке сай ағаны.

Зая бəрі.

Зая бəрі!

Адалым,тазалығым,

естігенім ұжмақтық ғазал үнін.

Ай астында ашқанда аза бүрін

сəулесі өшіп үр сезім ғажабының,

мүрде аңқып,

маңып кетті мазалы күн.

Назалымын.

Өмірзая!

Сені де тоса ма мұң?

Əлі аңсаумен жүрмісің қосақ əнін?

Жерден,көктен екеуміз телміргенмен

жақтауына бір ғана босағаның;

маған да жолықтырмас дос адалын,

сен де өзгерт əпсанаңды боса амалың.

Сені "зая" атаған Жасағаның.

Мені зая матаған Жасағаным...

Өмірзая,

біздіктің зая бəрі.

 

***

 

Көкжиек көлеңдейді қиялды арбап,

құс жолы жер бауырлап.

Мысырдан мен деп ұшса,қайда қонды

əпенді,перғауын--бақ?!

Өткенге емексітіп ақ сағымның

үкісі бұлғақтайды.

Жүйкемнің əр тінінен əуен сауып,

тербейді ырғақ--қайғы.

Түйсікке тəу еткенсіп етпеттесе

талайсыз ақыл--қаған,

жалт ойнап жайлауында зар сезімнің

тайраң от лапылдаған.

Қатпаған бұғанасы біздік үміт

ғайыпқа сүйеніп құр,

құрдымға құлайтындай табан тайса.

Хақ,өзің иелік қыл.

Көпсініп мені ғалам,алқынады,

кілкілдеп төсі лайдан.

Тылсымның тасасында көп отырдым

шекесі тасырайған.

Аспанға апарар жол табар екем,

анашым,осы қайдан?

Ноқтасын ақ ботаңның түресің бе,

тігерге қосын айдан?

Ғайыпқа ерейінші! Табылмай тұр

ғапылға тосын айлам.

Өзіңе оғым тиіп кетпесін деп

...жеңілдім осы майдан...

Ғазиз анашым!!!

 

***

Күз жайлы емес өлең

Сары самал аңқып сыңсу айтқанда

жапырақ саулап етегі,

жылатып жазды әкете берер

ырықсыз ымның жетегі.

Тойшы ауыл қоршап тұрар-ау сонда

жазды аяп, аяп өздерін

желек астымен көшкенде өмір

көшіп ап көктен көзге мұң.

 

Үзіліп гүлі, бұзылып үні

сырғыса думан қырындап

тоң теріс тамыз жөнелер қыңбай

сәулесін тақ-тұқ ырымдап

Күндікке жаздың күймесін соғып

мазасыз мезгіл қарт ұстаң

қадірі қашқан көлеңке байғұс

сығалап өтер әр тұстан

Ұзаған жаздың үніне ұйып

жасай да алмай бір кесім

саусағың бұлтқа тиердей болып

сезімді сәтке іркесің

Саршаның ісін сөкетке сайды

Мизам да мәнсіз есінен

Кетері бардың кернейін тартып

келетіні осы несі деп

... Келер деп жазды күтемін мен де

күрсінтіп мұңмен сыбай күн

Құлап кеткенше құзырына өзім

көкірегімдегі Құдайдың.

 

***

 

Бетпе-бет.

Əлем!

Өзің Гүлімайды ұқпайсың.

Сені кім ұқсын?!

Аспанға ашық,

жерге жұмықсың.

Кеште күдік,

таңда тұнықсың.

Арсы-гүрсіге бүтін,

тасыр-тұсырға сынықсың.

Табаныңды қытықтар ма ем,

тəбетің риясыз күлкіге құнықсын.

Менің де үкілі еді Қамажайым.

Əттең,сен бейнет биіне айналасың.

Бір қарасаң--өзімсің!

Бір қарасам--қайманасың!

Қазанымның түбі қаспақты,

суытпашы Құдайдың қойған асын.

Іиең--ҚАЗАҚ! Дүние!

Мен де соның бірі!

Кеңірдегім құрсаулы,

жаным сірі!

Тамырыма балта шапқандай болсаң да

дүр тозаңымның қайта ашылды бүрі!

Содан да рухым берік,

сөзім ірі!

Қуандықтарым қасымда!

Өтежандарым тірі!

Ей,Дүние

Байқайсың ба?

Тəңірге дұғам өтімді!

Өзім жұбатып алам,

жылатсаң жетімді.

Айдаһардың қоңын ойып,

кессең,жамап алам етімді!

Қара Ертіске қарсы ағыздың...

Шашым жұлдың!

Не тынды?!

Қабырғамды қақыратқың келгенде

Қара тырнағым көбесіне дейін бекінді!

Екі айтқызба!

Естіртпе ХАҚқа екі үнді!

Маған бұрмағанда кімге бұрасың БЕТІҢДІ?!

Мықты болсаң;ашып тастап келші дəтіңді!

Басқаның керегі жоқ!

БҰР БЕТІҢДІ !!!

 

***

 

Көктем кетіп барады...аты көктем...

Қатыбас!

Мұздай суық тұмсығы,

даңқы шулы,заты мас.

Шыбық тірсек немені қайырмалап қайтейін

емексіткен емізбей,

жілігі де татымас.

Көктем өтіп барады қапталымнан

заулатып

 

жүрегімді жауратып,

өкпем өртін қаулатып.

Төскейіне жайып ем тілегімді қаулатып,

тақымына сап кетті

түнегіне аулатып!

Келді...кетті...

даңқына,дақпыртына гүл өсіп,

гүл біткенді əкеткен

гүлсүйгендер үлесіп.

Жаз келеді дегенше...

ашылмай тұр бір есік.

Жаз келеді дегенге

жабылмай тұр бір есік...

 

***

Мен түсінбедім,ал!

Неге ізімнен қалмайды сықсың қайғы?

Қаңтардың құныс күніне еріп

арса-арса ақпан да тұқшыңдайды.

Алақанымды соза бергенде

қуаныш қалай қырын кетеді?

Адалдың көші оза келгенде

арамың қалай мәреге бұрын жетеді?

Әнебір қалың бетті аяз шіркін

немен қызартарын,

күнді кешке еңкейткен Тәңір

көлеңкемді несіне ұзартарын

Білгім кеп.

Бірақ жаhаннан жырақтай берем

жалғыз жүргім кеп.

Құрау-құрау дүниенің қиығына

көз жасымды төгем егіліп.

Құрдымға құлдыр-құлынымды құлатып ап,

отырмын қабырғам сөгіліп.

Әр көңілден шуақ суырып,

дүбір іздеймін,дүниені даңғаза ғып.

Аш баладай жеймін сосын

пәлсапаңызды нанға жағып.

Жұбанайыншы жұмбағың шешіп,

жер кіндігі ме ең,Мамай қорғаны?

Үкісі үзілді!.. Қамажайым-ай!!!

Қалай болғаны?

 

Қалай болғаны?!

Асан,Үсенімді жұртыма тастап,

ілгері көшу ісім бе еді?

Пендеңе бәрібір-ау...

Періштелерім түсінбеді.

Мен де түсінбедім,ал.

 

***

 

Ұштым ұждан жұмағынан

қанатымды сүйіп күн.

Қиялыңда дос көрдің бе,

қош келдім бе,сүйіктім?

Боздауық таң бауырында

безілдетіп ақ сырнай.

Бозаң қалам,жатырмысың

бағы қонған тақсырдай.

Өтіріктің өкшесіне

өрмегімді ілдім де,

тарқамайтын кемпірқосақ

тоқып қойдым,білдің бе?

Бүрме-бүрме бес күнімнің

қымтай-қымтай тақымын.

Сирағыма жетпей қалды

ырылдауық шақырым.

Жетім көңіл жылтың қағып

жұлығынан жалғанның.

Күнді əкеткен көкжиекке

кеште тағы алдандым.

Қарашаның құндағында

қалғығанда ызбай мұң,

кірпігімді кезек-кезек

күзеткен-ді жүз қайғым.

Жанарыма жасырынған

жарқылдан да жалықтым.

Бауырыңа енсем бе екен,

мен де сендей ғаріп,түн?

...Ұшсам ұждан жұмағынан

қайта айналып келем бе?

 

Қанатымды қайырып ап...

Құлап түссем!

ӨЛЕҢГЕ!!!

 

***

Таң.Жексенбі.Шалқалаған шартарап

шырт ұйқыда.Үй маңы.

Төңіректің таңдайында талғажау

түні бойы жиғаны.

Буаз тұман бара жатыр бошалап,

бырт-бырт үзіп бұйданы.

Ұшып кетіп есінеген еменнен

боз қыраудың иманы,

ақыреттің ақ төсінен сүйді,әні...

Сүйгендердің ораларға жолы жоқ!!!

Қош,мезгілдің мейманы...

Пікірлер