Министр мектеп оқушылары арасындағы бұзақылық пен өлім фактілеріне байланысты мәлімдеме жасады

3565
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық пен өлім-жітім оқиғаларының көбеюі туралы пікір білдірді. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Соңғы жылдары мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік көбейген.Түркістан, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Алматы облысында соңғы рет екі бала қайтыс болды. Мен қайғылы оқиға болған отбасына шын жүректен көңіл айтамын",- деді министр. 

Бейсембаев әлімжеттікке жол беруге болмайтынын алға тартты. Ол үшін қоғам болып жұмылу керек екенін жеткізді. 

"Тәрбие жұмысы мен ата-аналар қауымымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тапсырма бердім. Біз Ішкі істер министрімен және әкімдікпен байланыстамыз. Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, комиссия жұмыс істеуде",- деп қосты ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер