Алматылық оқушы әлемнің 20-дан астам университетіне оқуға түсті

4146
Adyrna.kz Telegram

Алматылық оқушы әлемнің 20-дан астам университетіне оқуға түсті. Ол 10-сыныпта қызу өлшейтін сенсоры бар балаларға арналған орындық жасап шығарған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

NUR.KZ тілшісінің мәліметінше, 18 жастағы Динара Қалихан Алматыдағы РФММ түлегі. Ол әлемнің 20 университетіне оқуға түскен, соның ішінде Лондон Кингс колледжі, Калифорния университеті, Фордхэм университеті, Бентли университеті және т.б. Олардың барлығы АҚШ, Англия, Канада және Азияда орналасқан беделді университеттер. Дегенмен, Динара Google, Instagram негізін қалаушылар, АҚШ-тың 31 президенті және т.б. оқыған Стэнфорд университетінде оқуды таңдаған.

“Стэнфорд – менің армандаған университетім. Мен қос мамандықты таңдадым: экономика және информатика. Ең қиыны мектепті, қабылдау емтихандарын, стартаптарды, спортты және музыканы теңестіру болды. Соңғы екі жылда мен күніне төрт сағат ұйықтадым. Тіпті түнгі 12-де жиналып, жобаға бейнебаян түсіріп, оны байқауға жіберген кездеріміз де болды. Мен STEM (ғылым, технология, инженерия және математика – ред) саласындағы 10-нан астам байқаудың жеңімпазымын және 30 жасқа дейінгі адамдарға арналған Forbes-қа кірдім”, – дейді Динара.

Динара бос уақытында спортпен айналысады, домбыра мен пианинода ойнайды, таэквондодан қара белбеу иегері. Сонымен қатар, қыз ғылыми сынақтардағы және спорттық жарыстардағы жеңістері үшін көптеген марапатқа ие.

Одан бөлек, Динара математика және бағдарламалау бойынша 200-ден астам сабақ өткізіп, аз қамтылған отбасы балаларын оқытуға көмектесе бастады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер