Әлеуметтік желіде дизель тапшылығына наразылардың жолды жапқан видеосы тарады. «Қазавтожол» бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Республикалық маңызы бар Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас тас жолының 33-шақырымында дизель отынының қымбаттауын талқылауға 20-25 адам мен жүк көлігі жүргізушілерінен 10-ға жуық техника жиналды. Қазіргі таңда қозғалыс толығымен қалыпты режимде жүргізіліп жатыр. Ешқандай шектеулер жоқ»,—деді компанияның баспасөз қызметі.Еске сала кетейік, бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов 12 сәуірден бастап елімізде бензин (АИ-92 және АИ-93) мен дизель отынының бағасы көтерілетінін айтқан еді. Орташа көрсеткіш бойынша АИ-92 жанармайының бағасы литріне 6-7 теңгеге, ал дизель отыны 12-14 теңгеге өседі. Алматыда дизель тапшылығы 3 сәуірден бастап сезіліп жатыр. Кейбір жанар-жағармай бекеті оны тек талонмен беруде.