Ерұлан Жамаубаев Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі болып қайта тағайындалды

2201
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ерұлан Жамаубаев өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты:

- қаржы секторы;

- макроэкономикалық саясат;

- бюджет, салық және кеден саясаты;

- мемлекеттік жоспарлау жүйелері;

- тариф саясаты;

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;

- инвестициялық саясат;

- табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

- статистика;

- жобалық басқаруды дамыту;

- халықаралық қаржы институттарын үйлестіру;

- Ұлттық банкпен өзара іс-қимыл;

- «Amanat» партиясының Сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру;

- бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту;

- экономиканы демонополизациялау;

- орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және оның портфельдік компанияларының жұмысын реформалау;

- шетелге заңсыз шығарылған қаражат пен сатып алынған активтерді қайтару;

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қызметі.

Пікірлер