NIS оқушылары ең үздіктер қатарында

8506
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.

Олимпиада 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтті. Жетістіктер қоры бұл жолы 4 медальмен толықты: алтын, күміс, екі қола.

10-сынып оқушысы Ақжол Болат география пәнінен алтын медальға ие болды. Ақжол үшінші жыл олимпиадалық қозғалыспен айналысады. Республикалық пәндік олимпиадада Ақжол екінші жыл қатарынан жүлдегер атанып отыр. Айта кетсек, 2022 жылы «Қазақстан білім олимпиадасында» да алтын медаль алған болатын.

Информатика секциясында 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Ерланұлы ІІ орынды иеленді. Жетістіктер тізімінде Нұрсұлтанның халықаралық Жәутіков олимпиадасынан күміс жүлдесі де бар.

Үшінші орынды 12-сынып оқушысы Санжар Тұрғанбек иеленді.

Санжар – болашақ IT-маман, сегізінші сыныптан бастап информатикадан олимпиадалық резервте болған, Жәутіков атындағы республикалық олимпиадасының жеңімпазы. Жоғары оқу жетістіктерінің арқасында өткен жылы АҚШ-та, Массачусетс технологиялық институтында (MIT) жазғы тіл курстарынан өтті.

Математикадан 11-сыныптың дарынды оқушысы Әмір Әбділдин қола жүлдегер атанды. Әмір атақты олимпиада жаттықтырушысы, шебер Сергей Полянскийдің шәкірті.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бесінші рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамасы еліміздің «Ең үздік олимпиадалық командасы» деп танылды.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, сондай-ақ олардың жетекшілері Нағима Рахманова, Сергей Полянских, Тасқын Бегунгутовты жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Пікірлер