«Әйтеуір ажыраспасаң болды»: ел эксперттері отбасы мәселесі жайында не дейді?

1703
Adyrna.kz Telegram

Жыл сайынғы ажырасу деңгейі ең жоғары ел - Мальдив аралдары, 1000 адамға шаққанда 5,52 ажырасу, бұл дүниежүзілік орташа көрсеткіштен екі есе көп, яғни 1,69. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан екінші орында, жылына 1000 адамға 4,6 ажырасу. Бұл мақалада еліміздегі отбасылық психолог, коуч сынды мамандардың отбасылық мәселерге қатысты айтқан пікірлер топтамасын жинақтадық.

Қазіргі қоғамда шаңырақ көтерген отбасылардың 80%-ы ажырасып тынады. Бірінші кезекте қаржылық факторлар әсер етеді. «Кедейлік салдарынан отбасын асырай алмадық»: респонденттердің 33%-ы осылай деп жауап берді. Екінші орында өзара түсіністіктің жоқтығы: 15%. Үшіншіден - ерлі-зайыптылардың біреуінің сатқындығы немесе қызғанышы: 14%.

Қазақстанда неке ерлі-зайыптылардың бірінің немесе екеуінің өтініші бойынша, сондай-ақ егер екінші жартысы сот әрекетке қабілетсіз деп танылса, оның асыраушысының (зайыбының) өтініші бойынша бұзылуы мүмкін. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, жұбайының (ерлі-зайыптылардың) келісімінсіз жүктілік кезінде, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін некені бұзуға болмайтынын білу маңызды.

Ажырасуға қалай өтініш беруге болады?

Екі жолы бар:

  • АХАЖ (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі) арқылы. Өтінішті неке тіркелген жердегі АХАЖ бөліміне немесе онлайн режимінде Egov.kz арқылы беруге болады. Мемлекеттік баж – 2 АЕК (6 126 теңге);
  • Сот арқылы. Өтініш ерлі-зайыптылардың тұрғылықты жері бойынша немесе онлайн, сот кеңсесі арқылы беріледі (ЭЦҚ қажет). Мемлекеттік баж салығы – 0,3 АЕК (918,9 теңге).

Екінші тараптың келісімінсіз ажырасуға бола ма?

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 19-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзу, тіпті егер олар болса да, олардың ажырасуға жалпы келісімі болған күнде де, сот тәртібімен ғана жүзеге асырылады.

«Әйтеуір ажыраспасаң болды. Бірақ, ол үйде сен қандай күйде өмір жатырсың? Бақыттысың ба, жоқ па, маңызды емес. Себебі, шын мәнінде ол сұрақтың жауабын естуге қорқады. Менде біраз уақыт эксперимент болды. Үйленген достарымнан сұрайтынмын. «Бақыттысың ба», «өмірің жақсы жаққа өзгерді ме» деп сұраймын. Көбінің жауабы бір. «Неге үйлендің?» деген сұраққа, қуантатын жауап ала алмаймын. Көбі қажеттіліктен, сыртқы фактордың күштеуі мен үгіттеуінен үйленеді. Ең сорақы алған жауабым, «мен атамның шөбересімін және ол кісіге тезірек шөпшек сүйгізу қажет болды» деп деді. Екі жылдан соң әлгі танысым ажырасып кетті. Бұл дұрыс па? Бір адамның кесірінен үш адамның тағдыры ойран болды. Ортада бала қалды. Оның еш кінәсі жоқ. Сол үш адам енді ары қарай басқа адамдаржың да өміріне әсер ететін болады» деді белгілі сценарист, қоғам белсендісі Перизат Мырзахмет «Дөпсөз» подкастында.

«Қоғамда бір бірін жек көретін отбасылы азаматтар бар. Қонаққа барғанда әдемі жұп болып барады. Сырт көзге бәрі бақытты. Қазір сондай өтірік отбасылар көбейіп кетті.  Қыз бен жігіт жүрген кезде, мақсаттары үйлену болмау керек. Ондай ой болса, қыз жақтан да, ұл жақтан да онда уақыт құртпай, ақша құртпай келеді деген адамды тауып үйленуге қадамдар жасау керек. Ал қыз бен жігіт болып жүру отбасында үлкен рөл ойнайды. Олар бір бірімен өткен уақытты жақсы көруі керек. Сол кезде ғана құндылық қалыптасады. Осы арқылы ғана жақсы отбасы құрылады» деді отбасы тақырыбына қатысты психолог, коуч Роза Аширбаева АдминАнон сұхбатында.

100 қазақстандық ерлі-зайыптылардың бесеуі бір жылға жетер-жетпес бірге өмір сүрген соң ажырасып жатады. Мұндай статистиканы Ranking.kz сайты 2021 жылдың жазында берген болатын. Қазақстанда ажырасудың шарықтау шегі 2019 жылы болды, ол кезде 59 796 ажырасу тіркелген. Қазақстанның әлеуметтік мәдениеті ерлі-зайыптылардың мүдделерін бұзбай ажырасуға жол бермейтіні көңіл көншітпейтін статистиканы одан сайын ауырлатады. «Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат» дейді Чехов. Махаббатарыңыз мәңгі, отбасылық өмірлеріңіз сәнді болсын.

Пікірлер