Саида Мирзиёева БҰҰ конференциясында Арал апаты жайлы айтты

2491
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның су конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол баяндамасында Мойнақ қаласының бір кездері ірі өндірістік қуаттылығы бар гүлденген порт шаһары ретінде мойындалғанын, ал тепе-теңдік бұзылғаннан кейін теңіздің өлі жағалауында кемелер зираты пайда болғанын айтты.

«Арал теңізінің дағдарысы — адамзаттың қоршаған ортаға немқұрайлы қарауының салдары туралы қорқынышты ескерту. Алайда қамқор адамдардың күш-жігерінің арқасында ол қайтадан үміт пен жаңару символына айналуда»,—деді ол.

Саида Мирзиёева Президент Шавкат Мирзиеёв ұсынған бастамалар халықаралық деңгейде кеңінен қолдау тапқанын, сондай-ақ 2021 жылы БҰҰ-ның Арал өңірін экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы деп жариялаған қарары қабылданғанын атап өтті.

Мемлекет жүзеге асырып жатқан шаралар туралы айта келе, спикер өңірді жандандыруға бағытталған жобаларды іске асыруға 14 млн доллардан астам қаражат бағытталғанын мәлімдеді.

Ол сөз соңында халықаралық қоғамдастықты жаһандық су проблемаларымен тығыз байланысты Арал трагедиясының салдарын азайту үшін жасап жатқан Өзбекстанның іс-шараларын қолдауға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер