Қытайдың кезекті ойыны – Қалымбек Шағыман

4997
Adyrna.kz Telegram

2019 жылдың ақпан айында Қытайдан тағы бір қазақ «қашып келді». Қашып келді дегенмен, бұл қазақ Сайрагүл Сауытбай сияқты шекарадан құжатсыз өткен жоқ. Қытайдың өз рұқсаты бойынша Гуанжоу қаласынан Тайландқа заңды түрде ұшқан.  Тайландттан визасыз Қазақстанға қарай жол тартқан. Онда да Қазақстанның әуе компанияларымен емес, Өзбек елінің ұшағымен келіп, Алматы әуежайынан Қазақстанға кірмекші болған жерден кедергіге ұшыраған. Бұл жөнінде Тоқтар Жақаш атты журналист хабарламалар таратып отырды.

Қалымбек Шағыман Қазақстанға кіре алмағандықтан, журналист Тоқтар Жақаш және Қытайдағы қазақ мәселесімен айналысып жүрген Атажұрт еркітілері азаматтарының көмегімен Ташкентке ұшады. Ташкент әуежайында екі күн тұрып, неше түрлі қойылымдар құру арқылы соңында Тайландқа қайта қайтады. Қалымбек Тайландқа қайтты дегенмен қазақ қоғамына үлкен от тастап, күдік арқалатып қайтты. Оның түрлі қисынсыз қойылымдарын көрген қазақ қоғамы да, журналистер де келді-кеттіде онша назар аудара қоймады. Өйткені ол, көптің көңіліне «бұл қытайдың тыңшысы ма?» деген үлкен күдік ұялатып кетті. Бұл туралы Тоқтар Жақаштың өзі ашып жазбаса да  «Оның есімі – Қалымбек, сойы – Шағыман. Шыңжанда туып-өсіп, қытай ұлтының қызына үйленген. Төрт жастағы ұлы мен әйелі ішкі Қытайда. Менің пайымдауымша, ойы мен пікірі қарама-қайшылыққа толы, Қазақстан мен жергілікті қазақтарға деген сезімін жасыра алмайтын авантюристке көбірек келіңкірейді. Екі күннің ішінде Германиядағы Өмірхан Алтынның, Алматыдағы Қыдырәлі Ораздың, менің және көптеген жанашыр қазақтың миын шыр айналдырып жіберді. Ең қызығы, қазір Ташкентте отырып, Қытайдың елшісін өзі шақыртып, байбаламды да салып жатыр. Шын мәнінде Қалымбек бүгін күндізгі сағат 16.45-те Эйр-Астана компаниясының ұшағымен Алматыға келуі тиіс. Ал Эйр-Астанамен келсе, Алматыда 72 сағат жүруіне рұқсат. Сол үшін қолына жұртшылық болып жиналып, мына суреттегі билетті әперіп қойғанбыз. Бірақ әлеуметтік желіде түрлі қойылымдар жасап жатқанын бәріміз көріп отырмыз» деп өзі бастаған істің өзіне де түсініксіз болып жатқанын жеткізді.

Біз оны Қытайдан қашып келді деп алаңдағанмен, Қалымбек Шағыманның Қазақстанға келу ойы да жоқ екен. Ол жөнінде Ташкентте тұрып түскен видеосында Қазақстанның президентін диктатор деп, Қазақстан мен Қазақстан халқының болашағынан үміт күтпейтінін, Қытайдан келген бір адамның елде реформа жасау керектігін айтып, халықтың арасына от тастап үлгерді. Әйелінің қытай екенін де өз ауызымен айтты. Сонда ол өзі сенбейтін ел мен халыққа қалай не мақсатта қашып келеді? Қолында Қытайдың пасорты бар екен, Тайландтқа заңды түрде өтіпті. Қытай шетелге шығуына рұқсат беріпті. Сонда «қашпай-ақ», Тайландты баспай-ақ, Қазақстанға төте өтпеуіне не себеп болды? Ол Гуанчжоу қаласында тұрса, Шанхайдағы Қазақ консулдығынан виза алуы тіпті оңай еді ғой? Электорнды кезек алып, визаға өтініш берсе, уақыты келгенде бір-ақ күнде дайын болады емес пе? Бұл қадамды жасамауына не себеп болды? Мақсаты тек қашып өту ғана ма?

Сонда оны «саяси тұлға», «Қытайдан қашқан қазақ» жасаудың артында кім тұруы мүмкін? Оны қашырудың кімге пайдасы, кімге зияны тиуі мүмкін? Қытайдан қашқан десе, Есімізге Сайрагүл Сауытбай түседі. Қазақ үкіметі Сайрагүлды бостандыққа шығарғанымен әлі де Қазақстанда алып қалу-қалмау мәселесін шешкен жоқ, босқан мәртебесін беруден бас тартып отыр. Біз көбінде қандастарымызға бауырмалдық тұрғыдан қарағанмен, бұл істердің артында үлкен саясат пен сауда, ойын жүріп жатулары әбден мүмкін. Естуге қарағанда, Сайрагүл Сауытбай арқылы, Қытай Қазақстанға үш түрлі тиімсіз талап қойып отыр дейді. 1) Қытай азаматтары үшін виза мәселесін;

2) Қазақстанға келетін қытайлық еңбек күштеріне лицензияны көбейтуді;

3) Мұназ-газ саласында теңсіз келісімдерді талап етіп отыр дейді.

Міне бұл үш талаптың да Қазақстан мен қазақ халқы үшін өте тимсіз, үлкен зиян әкелетіні белгілі. Бір емес, миллион Сайрагүлдердің тағдырына қатысты мәселе болып отыр. Сонда бір Сайрагүл арқылы осыншама талаптар қойып отырған Қытай Қалымбек үшін қандай тараптар қояр еді. Қуанышқа орай, Сайрагүл мәселесінен сабақ алған ҚР қауіпсіздік органдары қытайдың ойынын түсініп, Қазақстанды тағы бір қысымнан аман алып қалды.

 

Тоқтар Жақаш бұл іске бел шеше кірісті. Әлі де Қалымбектің жағдайынан түрлі хабар таратып отырады. Тоқтар Жақаштың бұл ойындағы қазіргі нақты рөлі белгісіз. Өзінің де қалай ойыншы болып кеткенін білмей ме, әлде қазақтың ұлттық сезімін пайдаланып, Қытайдың арманын орындамақ болған ойыншылардың бірі ме, ол жағы белгсіз. Бірақ, ол Қалымбектің Атажүрт еріктілерінің басшысы Серікжан Білаш, Қайрат Байтоллалармен Еуропалық қазақ Өмірхан Алтынның Қалымбекпен бұрыннан байланыстары бар екендігін жазды. Ол жөнінде Серікжан Білаш та өз ауызымен айтты. Тіпті Қалымбектің Қазақстанда қалу ойы да жоқ екенін де атап өтті. Тек Қазасқтанды тразиттік жол ретінде пайдаланып, Еуропаға кетпекші екен. Оны да Тоқтар Жақаш: «Таиландқа қыдырып барып, сол жақтан Қазақстанға, одан әрі Еуропаға кетуді жоспарлаған. Мақсатын жүзеге асыру үшін Германияда тұратын шетелдегі қазақ диаспорасының жетекшісі Өмірхан Алтынмен хабарласады. Өмірхан оны Алматыдағы «Атажұрт еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшпен және сол ұйымнан бөлініп шығып, өз алдына жаңа ұйым құрып жатқан Қыдырәлі Оразбен байланыстырады. Қалымбектің Алматы әуежайында тұрғаны жайлы алғашқы хабарды маған «Атажұрт еріктілері» ұйымынан Қайрат Байтолла хабарлады», - деп фейсбукте жазды. Қалымбек те Еуропаға барып, Қытайдағы әйелі арқылы нақты дәлелдер жинап, «Қытайдың қылмысын ашатынын» айтты.

Қытайдың шетелдердегі өзіне қарсы ұйымдарды өзі қаржыландырып, өздеріне қарсы түрлі өсек тарату арқылы елдің назарын басқаға аударатынын, өзі қаржыландырып, өзіне қарсы сөйлеп, өзге халықтың сенімне кіретін тұлғаларды қолдан жасайтыны, сол арқылы өзге елдермен түрлі саяси саудалар жасайтыны көпшілікке мәлім. Соған қарағанда «Қытайдың қысымынан қашушылар» мен Еуропадағы Қытайға қарсы батырлар, Қазақстандағы Қытайдың қылмысын ашушылардың бәрінің бір-бірімен байланысып, әрекет жасауы да сол бір орталықтың тапсырмасына жүгінетінін білдірсе керек. Қазақстан қоғамды қытайдың алдыңғы ойыншыларын біле бастағанда, Шаханов қатарлы ұлт зиялыарынан бастап, қазақ сотына дейін былықтарын аша бастаған кезде, жаңа ойыншысын жіберіп, назарды аударғысы және жаңа саулалар жасағысы келген сияқты.

Қытай тағы бір ойын бастамақ болды. «Қазақты  Қытайдан қорғайды» деп жүрген азаматтар сол ойынды жүзеге асырғысы келді. Әлі де талай ойындар болар. Бұл ойынның сырының ашылу Қытайға да үлкен сабақ. Қазақтың қауіпсіздік органдары оңай шағылар жаңғақ еместігін білді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер