"Лақтырып кетті: Депутаттықка кандидат 55-ке жуық еріктінің жалақысын бермей қойған

5130
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаттығына кандидат Тұрсынбек Өмірзақов бір ай бойы үгіт-насихат жұмысын жүргізген еріктілерге уәде еткен жалақыларын бермей, алдап кеткен. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері ZTB.KZ редакциясына хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Олардың айтуынша, сайлауға бір ай қалғанда 55 студент кандидат Тұрсынбек Өмірзақовтың штабымен келісім шартқа отырған. Олар Өмірзақовты насихаттаумен айналысуы керек еді.

"19 ақпаннан 17 наурызға дейін жұмыс істедік. Басында бізге әрқайсымыздың жалақымыз 150 000 теңгені құрайтынын айтты. Біз келісіп, жұмыс істедік. Аязды күндері үгіт-насихат парақтары мен плакаттарды жапсырдық. Әрқайсымызға белгілі бір аумақтарды бөліп берді. Жүріп-тұру шығынын өзіміз көтердік», - дейді студенттердің бірі.

Үгіт-насихат науқаны аяқталғанда студенттерге келісім-шарттың өзгергені туралы хабарланды.

«Енді олар "әр үгіт-насихат парағына немесе плакатқа 50 теңгеден төлейміз" дегенді алға тартып отыр. Яғни бұл дегеніміз еріктілер небәрі 30-35 мың теңге алады деген сөз. Қайта бізге мүлде басқа сома уәде етілген болатын», - деп шағымданады студент. 

Жігіт бұл жұмысқа университеттің қатысы жоқ екенін айтады.

"Біз бұл жұмысты таныстарымыз арқылы өзіміз таптық. Қосымша табыс тапқымыз келді. Түбінде осындай мәселеге тап болатынымызды білсек, ешқайсымыз мұндай жұмыс істемес едік. Біз тек алғашқы келісім шарттың талаптары орындалғанын қалаймыз. Бізге жалақы керек. Бұдан артық ештеңе қажет емес", - деп көмек сұрады студенттер.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер