“Адырна” ұлттық порталының ұйымдастыруымен Парламенттік сайлауға үміткерлер арасында дебат өтті

3402
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 15 наурыз күні Алматы қаласында “Адырна” ұлттық порталының ұйымдастыруымен Парламенттік сайлауға үміткерлер арасында дебат өтті.

Дебат ADYRNA ULTTYQ PORTALY ютуб арнасында тікелей эфирде болды. Пікір сайысқа ҚР Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Бейбіт Турабаев, Талғат Жанысбай және Бәдигүл Қажыбекқызы қатысты.

Пікір талас сайысы негізгі 4 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде үміткерлердің әр қайсысына 3 минуттан уақыт беріліп, олар өзін таныстырды. Екінші кезеңде  “Халықты әлеуметтік жағдай алаңдатады, олардың мұқтаждығын азайту үшін экономикаға үлкен салмақ түседі. Экономиканы ілгерілетуде қандай тың ұсыныс пен идея айтасыздар?” деген ортақ сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Және пікір сайыстың үшінші кезеңінде үміткерлер бір-біріне нақты сауалдар қойып, жауап алды. Ал төртінші қорытынды кезеңде сайлауға қатысудағы негізгі мақсаты және өзінің бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Тартысты доданың шешімін “Адырна” ұлттық порталының әлеуметтік желідегі сауалнамасы қорытындылады. Сауалнама нәтижесі бойынша, 8% дауыспен Бәдигүл Қажыбекқызы 4-орын, 19%  дауыспен сайыс алаңына келмеген Руслан Нұрлыбаев 3-орынға жайғасса, 2-орын 26% дауыспен Бейбіт Турлабаевтың еншісінде, ал 47%  дауыспен Талғат Жанысбай топ жарды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер