Балалар емханасының қомақты қаражатын құмар ойынға жұмсаған есепші сотталды

3231
Adyrna.kz Telegram

Бала еміне жұмсалатын қаражатты қалтасына басып, құмар ойынға салған әуесқой есепші сотталды. Талдықорған қалалық соты балалар емханасының есепшісін бес жыл бас бостандығынан айырды. Құмар ойынға шырмалып, бала еміне жұмсалатын қаржыны құрбан еткен есепшінің елге келтірген шығыны - 109 миллион теңге, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме көрсетіп.

Сотта бухгалтердің 2021 жылдың 1 наурызынан бері аурухана шотындағы ақшаға қол салып, жымқырып келгені анықталды.  Барлық ақшаны құмар ойынға жұмсағаны белгілі болды.

Ақырында, ауруханаға 109 млн теңге шығын келген.

Сот отырысында сотталушы маман кінәсін толық мойындап, келтірілген зиянды өтеуге уәде берді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер