Бизнестегі әйелдер үлесі бойынша АҚШ пен Түркиядан көш ілгеріміз - Смайылов

2211
Adyrna.kz Telegram

Қазақ елінде әйелдер мемлекеттік басқару ісін шырқ иіріп, азаматтарымызбен тең дәрежеде қызмет атқарады. Бұл жайлы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақ елінде кәсібін дөңгелетіп, елдің дамуына да өз үлесін қосып отырған жаны көркем жандарымыз көп.

- Мәселен, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деректеріне сәйкес, Қазақстанда бизнестегі әйелдердің үлесі 45 пайыз. Бұл –АҚШ пен Түркия сияқты елдерге қарағанда жоғары көрсеткіш. Қазақстандық әйелдер «Даму» қоры қолдаған жобалардың жартысына жуығын    жүзеге асырды. Бұл ретте жобалардың үштен бірін ауылдық жерлерден келген кәсіпкер әйелдер алды. Біз түрлі салалардағы әйелдердің белсенділігін арттыруға мүдделі екендігімізді атап өткім келеді, - деді ол.

Премьер мемлекет әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударып отырғанын айтты.

-  Ана мен баланы қорғау, кәсіпкер әйелдерді қолдау, көпбалалы аналарға, бала асырап алған отбасыларға көмек көрсету, әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қарияларға қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып қала береді, - деді Смайылов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер