Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Николай Арсютин сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарының бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еңбек ұжымының мүшелеріне түсіндірді.
«Тәуелсіздік алған 30 жыл бойы, оның ішінде соңғы 2-3 жылда азық-түлік бағасы өсуде. Бұны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан «Ауыл» партиясы халықтың табысын, әлеуметтік қызметтердің, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сапасын арттыруға ниетті. Сондай-ақ, біз ана тілді нығайтуға, халықтың рухын жандандыруға және қазақстандықтардың санасын жаңғыртуына өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деп атап өтті Николай Арсютин.
Сонымен қатар кездесу аясында кандидаттар қалада өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту сияқты тақырыптарды көтерді. Үгіт-насихат тобы қазақстандық қоғамда отбасының, ана мен жастардың рөлін арттырудың маңыздылығын мәлімдеді. Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы барлық әлеуметтік-экономикалық мәселені түбегейлі шешуге болатынын айтып, іс-шараны қорытындылады. Жұмысшылар болса «Ауыл» партиясының бастамаларын қолдады.
Астана электротехникалық зауытының қызметкерлерімен кездесуден кейін кандидаттар Астана қаласының №2 бір мандатты сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды штабына барды.
«Бүгін партиялас кандидаттармен партияның алдыңғы сайлауда жинақтаған тәжірибесіне және осы үгіт-насихат науқанының басында сайлаушылардың бөліскен пікірлері мен ұсыныстарына сүйене отырып, алдағы уақытқа нақты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тактикасын талқыладық», - деді Төлеутай Рақымбеков.
Материалдың ақысы «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражатынан төленді.