Зеленский өзіне қажет қару түрлерінің тізімін жасап, АҚШ-қа бермек - CNN

2166
Adyrna.kz Telegram
Фото: amp.ren.tv
Фото: amp.ren.tv

Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға өзіне қажет қару түрлерінің тізімін жасап жібермекші - оған Киев АҚШ-тан қалайтын барлық қару-жарақ кіреді. Бұл туралы ақпарат көздеріне сілтеме жасап CNN жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басылымның хабарлауынша, Зеленский АҚШ конгресінің мүшелеріне бұл тізімді мемлекеттерге жіберу жоспары туралы айтқан.

«Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Майкл Макколлмен және палатаның тағы төрт мүшесімен кездескен Зеленский топқа қару-жарақ тізімін, соның ішінде F-16 жойғыш ұшақтарын жіберуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның пікірінше, бұл жағдайды тездету үшін қажет», деп жазады телеарна.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін америкалық көшбасшы Джо Байден Украинаға F-16 ұшағын жеткізуден бас тартқанын айтқан болатын.

Украинаға жойғыш ұшақтарды беру мәселесі қаңтар айының соңынан бері талқыланып жатыр. 25 қаңтарда Батыс танктерін қабылдаудағы табыстан кейін Украина президенті Владимир Зеленский одақтастарды Украина Қарулы Күштеріне жауынгерлік ұшақтарды жеткізу қажеттілігіне белсенді түрде сендіре бастады. 8 ақпанда Зеленский Лондонда Киевке жойғыш ұшақтарды беру туралы тағы бір өтініш жасады.

Пікірлер