"Ұлтараздық қақтығыс болса, таң қалмаңыздар": Мақсат Халық Жаркенттегі такси жүргізушілерінің үндеуіне пікір білдірді

2895
Adyrna.kz Telegram
Фото: madeniportal.kz
Фото: madeniportal.kz

Экономист Мақсат Халық Жаркенттегі такси жүргізушілерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді. Ол пікірін инстаграм парақшасына жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Жаркент - депресивті аймақтың қатарына кіреді.

"Кешелі бері естіп жатқан таксист азаматтарымыздың үндеуіне қатысты әртүрлі пікір болып жатыр. Менің экономист-сарапшы ретінде ретінде айтар сөзім бар. Егер естеріңізде болса, осыдан біраз жыл бұрын Масанчиде болған жағдай, оның алдында Моловодныйда болған жағдайлар. Не себептен ондай мәселелер туындайды?

Бірінші кезекте Жамбыл өңірінде орташа жалақы сол уақытта ең төмен болатын. Яғни, депрессивті аймақ. Қазір Алматы облысы мен Жетісу облысын бөлгеннен кейін, Жетісу өңірі депрессивті аймаққа айналды. Бұл өңірде халықтың табысы Республика бойынша салыстырған кезде, ең төмен болып табылады.

Сондықтан да таксист бауырларымыздың сөзінің жаны бар екендігін айтқым келеді. Себебі, бұл бірінші кезекте, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Ертең осы өңірде де ұлтаралық қақтығыстар болып жатса, таң қалмаңыздар. Мұндай жерлерді, депрессивті аймақтарды айқындап, сол өңірлерде халықтың табысын арттыруға мемлекет баса назар аудару керек. Әлеуметтік жағдайды көтеруге, мемлекеттен бөлінетін арнайы қаражат жағы болсын, пресс-конференциялар жағы болсын бірінші кезекке қою керек. Сол кезде ғана өңірлерде әлеуметтік теңдік орнайды. Халықтың жағдайы өңір аралық әртүрлі болмай және белгілі бір дәрежеде елдің дамуына өзінің үлесін қосатын болады. Осы мәселені біздің шенділер есінде ұстайды деп ойлаймын", - деді экономист.

Еске салайық, кеше Жаркент қаласындағы бір топ көлік жүргізушілер қалаға сырттан келіп кісі таситындарды кіргізбейтінін, "арты қантөгіске ұласуы мүмкін" екендігін айтып, мәлімдеме жасағн болатын.

Пікірлер