«Қазақстан қалыс қалды»: БҰҰ Ресей әскерін Украинадан шығаруды талап ететін қарар қабылдады

2378
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ Бас ассамблеясы кезектен тыс сессиясында Ресейді соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырып,  әскерлерін Украинадан шығаруды талап ететін қарар қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бас хатшы Антониу Гутерриштің айтуынша, бұл басқыншылық әрекеті әлемнің ұжымдық ар-ожданына нұқсан келтіреді.

Құжатты 141 мемлекет қолдады. Ал 32 мемлекет қалыс қалды, оның ішінде Қытай, Армения, Қазақстан, Боливия, Куба, Иран және Үндістан бар. Ресей мен Беларусьті қосқанда жеті мемлекет қарсы дауыс берді.

Айта кетейік, қарарда «БҰҰ жарғысы принциптері негізінде тұтас, әділ және тұрақты бейбітшілікті» іздеу қажет екені айтылған.

Пікірлер