"Қарсыластарымды ашық пікірталасқа шақырамын!" - Бақытжан Базарбек

2075
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат белгілі заңгер Бақытжан Базарбек өз қарсыластарын ашық пікірталасқа шақырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Алматы қаласының №5-ші сайлау округіндегі қарсыластарымды ашық пікірталасқа шақырамын! Егер сіз шынымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты бола отырып, қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа өзгертемін, сыбайлас жемқорлықпен күресудің және отандастарымыздың әл-ауқатын жақсартудың тиімді тетіктерін ұсына аламын деп ойласаңыз, онда шығыңыз. Мен дайынмын! Сөзден іске көшейік! Менің қарсыластарым болашаққа арналған жоспарларынан басқа, елге шынымен пайдасын тигізген нәтижелерін көрсетуге дайын деп үміттенемін. Кәсіби заңгер, адвокат ретінде бұл дәлелді пікірталас мен үшін өте қызықты болмақ. Біздің мүмкіндіктеріміз орасан, ерік-жігеріміз жеткілікті. Барлығы енді басталып жатыр",- деп мәлімдеді Бақытжан Базарбек.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер