"Бетімен кеткен!" - Талдықорғанда құрбысын аяусыз жұдырықтаған қыз тағы да желіні шулатты

2251
Adyrna.kz Telegram
Құрбысын жұдырықтың астына алып, жан дауысын шығара төпелеген талдықорғандық үш қыздың ішіндегі "басбұзары" тағы желіні шулатты. Бұл жолы жүзіне тік қараған жанға жұдырығын ала жүгіретін сотқар қыз ер балаға соқтығып, ақша талап еткен. Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар "бетімен кеткен" деп санаған сотқар қыздарға полиция еш шара қолданбаған еді, деп хабарлайды "Адырна"  ұлттық порталы. 
Әлеуметтік желіде жұдырығын ала жүгіретін Құндыз есімді жасөспірімге қатысты видео тарады. Бұл жолы Құндыз ұл баланы соғып, ақша талап еткен.
- 3 қыз болып құрбысына жұдырық кезеген талдықорғандық жасөспірімдердің салған сойқаны жалғасын тауып жатыр. Бізге Құндыздың ер баланы төпелеп, ақша талап етіп жатқанын дәлелдейтін жаңа видео келіп түсті, - деп жазылған әлеуметтік желі парақшасында.
Жалғанды жалпағынан басқан жеткіншектерге шара қолданудан қалыс қалып отырғандарға қатысты оқырмандар төмендегідей пікір білдірді:
-  Барлық қызметкерлер адам өлтіргенін күтіп отырған шығар?! Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда үш қыз жалғыздың жан даусын шығарып тұрып жұдырықтың астына салған болатын. Сол кезде Құндыз деген қыз қалың көпшіліктен әкесі жанында тұрып кешірім сұраған болатын. Ал полиция қызметкерлерімен жүрген видеолардың барлығын желіден алдым деген болатын. Ал біз сене салайық. Өз тілідерінде сөйлейтін бұларға @zhetysu.police бір шара қолданбасаңыздар болмайды. Бұл қыздар қазір қайда жүр? Не істеп, немен айналысы жүр? Барлығын анықтау керек! Себебі, олар қоғам үшін қауіпті! Ертең біреудің баласын бұзады.
- Мынау бір терминатор болды ғой. Ана жігіттің батпай тұрғанына қарағанда бір бандгруппировканың қызы шығар.
-  Дұрыс байқаған сияқтысыз. Менде солай айттым. Меніңше жігіт əлі жетсе де таяқ жеп қана құтылуды мақсат тұтқан секілді. Мүмкін біреулерден ықты ма я болмаса мынаған қарсы шығып қол көтерсе сыбайлас адамдары түбіне жететінін түсініп тұяқ та серіппеді ме екен?
- Беімен кеткен! Бұл расында да неге айылын жимайды? Демек бұның былығын бүркемелейтін біреулер бар, - деп жазды оқырмандар.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер