“Әкімнің кім екенін де білмейміз”: Рудныйда өртенген үйдің тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады

2980
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

11 ақпан күні Рудный қаласы Топорков көшесіндегі 8 пәтерлі үйден өрт шыққан. Өрттің салдарынан баспанасыз қалған тұрғындар әкімдіктен мүлде қолдау болмағанын айтып, Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, Өрт кезінде үйдің екінші қабатындағы баспалдақ маршы жартылай өртеніп, жылумен жабдықтау жүйесі бүлінген. Үйде өрттің салдарынан электр қуаты өшірілген. Қазір үй жарамсыз. Алайда, қайда қоныстанарын білмеген тұрғындар жан-айқайын кімге айтарын білмей әлек. 

“Әкімдіктегілер келді. Үй өртеніп кетті. Подьезд өртеніп кетті. Оның себептерін әлі анық білмейміз. Қазіргі таңда 6 адам ауруханада жатыр. Жағдайлары орташа. Өзім аппараттан шықтым. Кислородтан. Угар от газа деп берді. Аяғым ауыр 16 апта.  Екінші қабаттан бүкіл тұрғындар секірген. Бірінші қабаттағылар терезеден шыққан. Жағдайымыздан ешкім хабар алған жоқ. Сендерге 500 мың бердік , болды дейді. Ешқандай заттар жарамай қалды. Біз ҚР-ның азаматымыз. Неге бізді далада тастайды? “,- деп ашынды тұрғын.

Сондай-ақ, тұрғын Тараздан Қостанай облысына  “Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару” бағдарламасы арқылы көшіп келген. Алайда, тұрғындардың айтуынша, әкім оқиға болған жерге жағдайларын сұрап келмеген, тіпті, әкімнің кім екенін де тұрғындар білмейді екен.

“Біз Тараздан Қостанайға “жұмыс істеңдер, көркейтіңдер Қазақстанды” деген соң, қазақтың санын көбейтейік деп осы жаққа қарай келіп, қазақтандырайық деген түріміз ғой. Бізді ешкім тыңдап жатқан жоқ. Мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы үндеуіміз жетсе екен деймін. Жергілікті әкімдіктегілер осылай құжат дұрыс болмаған жағдайдың өзінде әкім ретінде осы қаланың адамы ретінде бізге көмектесу керек қой… Ол кісі біздің алдымызға келген де жоқ. Әкімнің кім екенін де білмейміз. Жүгірсектері келеді. 1-2 қыз. Сөйлейді кетеді. Оның бізге не керегі бар?! Қазіргі таңда үйдегі заттардың ешқайсысы жарамаған. Терезелері сынған. Есіктері өртеніп кеткен. Свет жоқ. Газ жоқ. Үйде тұруға болмайды. Сол үйде тұрасыңдар деп айтып жатыр. Біз мұндай жағдайда қалай тұрамыз? Кішкентай балалармен? Менің аяғым ауыр. Аяғы сынғандар бар… Біздің жағдайымыз қалай болады?

Бір жанашыр қазақты қоймай ма әкім қылып? Орыстар келеді де сөйлейді, кетеді. Солтүстік Қазақстан орыс болсын деген сөз емес қой. Жаны ашитын жастар ғана келіп жатыр. “Қандай көмек керек?” деп. Бір орыстың үйі өртенсе, бәрі жүгіріп барады. Ал біздердікі 8 пәтер, біреуінің 4 баласы бар. Біреуінің 6 айлық баласы бар. Біреуі ата-енесімен, үлкен кісілермен тұрады. Ал менің аяғым ауыр. Менің денсаулығыма кім жауап береді. Біз өртті қолдан жасаған жоқпыз.

Сондықтан әкімнің ауысуын талап етемін. Олар бізге үйлеріңді өздерің істеп алыңдар депті. Біз қайда тұрамыз, қашан ол үйді ремонттап боламыз?

Неге біздің жан-айқайымызды әкім болып бір адам тыңдауға келген жоқ? 5 күн болды, өрттің болғанына, бірақ әкім жоқ”,- деді тұрғын редакцияға берген хабарламасында.

Пікірлер