ДӘУРЕН ДАРИЯБЕК: Курсерамен күрес кімге тиімді?

4296
Adyrna.kz Telegram

«Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қорында жауапты шығарушы-редактор болдым. Бұл жоба аясында әлемнің ең үздік 100 оқулығы қазақ тіліне толық аударылды. Сонда жеміс берген ағашқа тас ататынына әбден куә болдым. Қазақ тіліне құндылық аударылса шұбартілділер мен орысшылдар шулап шыға келеді екен.

Әуелі ЛГБТ қауымдастығы Шығыстық мәдениетке лайықтап кесілген жерлерді тұтас беріңдер деп шулатты.

Сосын Ресей елшілігі кеп килікті. Неге Батыс кітаптарын аударып кеттіңдер, орыс кітаптары тақияларыңа тар ме еді деп ашығын айтты. Ойбай, көршімнен ұят болмасын деп семиосфера, тарих, киноға байланысты бірнеше орыс кітаптарын қоса аудардық.

Екі жылдай бұрын «Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» жобасына қатысты сотқа әуреледі (өзіміздікілер). Кейін сотта тағылған барлық айыптың негізсіз екені дәлелденді.

Енді Курсера қазақшаға аударылып еді, шала бауырлар шала бүлініп жатқан сияқты. Түсінгенім - қазақтың көзі ашылғанға қарсы жұмыс істейтін арнайы мафия бар сияқты, шын күдіктенем. Құдай ақырын берсін әйтеуір.

Артқа қарайлаймын да, талай ақша талан-тараж болғанда туламайтындар, қазақ тіліндегі игі бастамаға келгенде бөрінің көтіндей шулап кетеді бар ғо. Ал аударылған 100 оқулық болса, тіліміз бен оның болашағы, сол тілдегі білім мен оның сапасы үшін күрестегі бұрын соңды болмаған ілгері қадам, көптің тілегі, үлкен талабы, зор еңбегімен келген шын мәніндегі елдік табыс, құндылық боп қалды ғой.

Пікірлер