Дінтанушы: "Қазіргі қазақтың дінін жаулап алғандар - шын мұсылмандар емес, одан алыс жүргендер"

6061
Adyrna.kz Telegram

Дінтанушы Ермұханмедсұлтан Әлайдар жалаң діннен қазақ қоғамына төнген қауіпті айтып, оның шын мұсылманшылықпен ара-жігін ажыратты. Автор өзінің "Қазақ санасына төнген хауіп" атты жазбасында қазіргі қазақтың діни санасын қалыптастырып отырған күштердің мұсылманшылықтан мүлдем алыс жүргендер екенін дәлелдейді. Дін арқылы қазақтың емес, арабтың санасын қалыптастыруға ұмтылатындарды айыптайды. Сонымен қатар, саф мұсылманшылықтың қайнарына үңіледі.  Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

Дінтанушының ғылыми пайым мен жан-жақты зерттеуге құрылған жазбасының маңызды тұстарын жариялауды жөн көрдік:

"Тәуелсіздіктен соңғы 30 жылда елімізде дәстүрлі қазақ мұсылмандығына мүлде жат діни таным қалыптасып үлгерді. Оның көрінісін, осы реткі бауырлас Түркия және Сирия елдеріндегі зілзалаға байланысты дін уағызшыларының пікірінен тағы бір рет анық көрдік...

Айтқым келгені – бүгінгі қазқатың діни санасын жасақтап отырғандар – қанша жерден оюлы шапан жамылып, сырмақтың үстіне отырса да – қазақтың жәстүрлі мұсылмандығынан мүлде алыста жүргендер, тіпті – бұл күшейтпелі шырай емес – жат, бөтен діни сананы өздері де білмей қазақтың қастүрі атынан ұлттың діни санасына айналдыруға жұмыс жасап жүргендер.
Тағы да қоса кетерім, бір жақты бұл топты кінәлау тағы да ағаттық болар еді, олар да білгенін істеп, дін деген, иман деген осы екен жүр. Осы жерде түсініксіз бір жайт – бағымызға орай қолымызда тұрған Абай- Шәкәрімнің діни танымын және Алаш зиялыларының салған жолын, сорымызға орай біздің билік ұлттық сананы, оның ішінде діни сананы қалыптастыруда, бұларды іс жүзінде керек деп таппай отырғаны. Мен бұны өткен бабалар мен келер ұрпақ алдындағы ауыр қылмыс деп бағалаймын.
Енді бүгінгі діни түсінгіміз, дәстүрлі діни танымға жат болса, онда ол қайдан келген, өзіміздің бабалар ұстанған жол қайсы деген сұрақтарға тоқталуымыз керек.
Оймызды бірден айтсақ, бұл діни түсінік бізге сырттан – бүгінгі арабтардың діни санасын, дүние танымын қалыптастырған және қала берді басқа да мұсылман жұртына ықпал етіп отырған әшғари теологиясынан – бұның жанында нақылшыл, догмат ханбали мәзһабы да бар – тармыр тартатын діни сенім жүйесінен келген. Осылар жасап шыққан діни сенім жүйесін бүгінгі мұсылман жамағаты дін деп толықтай қабылдап отыр. Біздің қоғамға да қарсылықтарға қарамастан, кейбір құндылықтарымызға бүркене отырып орын теуіп кіріп алды. Ал осы сенім жүйесінен кеткен қателіктің зардабын бүкіл мұсылман баласы тартып отыр...
Енді, саналы оқырман, бүгінгі уахабизм құбылысының қазақтың дәстүрлі дүниетанымын терістеуде қандай түсінікке сүйенгенін шамалай берсе болады. Осы – діни сананы қалыптастырған түпкі себептер – тұрғысынан қарағанда, тағы да жаңсақтық тумау үшін қайталап айтам, тұтас таным тұрғысынан қарағанда, уахабизм мен әшғарилік және бұнымен шырма- шатыс ханбалилікті бөліп қарастырудың қазақ мұсылмандығы үшін қажеті жоқ. Бәрі де жат, бәрі де бөтен. Діншілдердің логикасы бойынша, уахабилік әшғари ақидасына қарсы шығады, демек әшғари ақидасында мәселе жоқ деген түсінік бұл жерде жүрмейді. Біз дүниеге басқа біреудің көзімен емес, өзіміздің көзімізбен, өз тұрғымыздан қарауымыз керек. (Сондықтан, кейбір теологтардың әшғаридің кім екенін, оның ақли сүннет уәл жамағаттың ұлы имамдығын, мұсылмандардың мойындағанын есіме салуының қажеті жоқ). бұл аз десеңіз, айтайын, уахабизм өз кезегінде осы сенімдік жүйенің бір адым арғы жағы ғана және аса көрсоқырланған көрінісі.
Дүние заңдылықтарын жоққа шығару, өз кезегімен мұсылмандарды тағдыршылдыққа, харекетсіздікке, жалқаулықа, еріншектікке, бейғам, надандыққа алып келді. Бір жамандық болса алланың қаһары екен, бір жақсылық болса алланың шапағаты екен деп қана отыра беретін қауымға айналдық. Бізден бүгінде хайуан есті, апаттың боларын біліп иті ұлып, құсы шулап, аңы ауып кетеді.
Және мойындауымыз керек бір шындық бар, ол – осы сенімнің әлі күнге дейін мұсылмандарды ғылымнан құры алақан қалдырып келе жатқаны. Ғылымдар тарихшысы Фуат Сезгіннің кітабын оқығанда заманында ислам ғылымының биік өресіне таң қалдым!
Соңында, дінтанушы ретінде айтарым, бұл аталмыш сенімдік жүйенің қуаты жаратылыстың заңдылықтарын да күшті, қуатты. Бұған жекелеген адамдарың қарсы тұрып өзгертуі мүмкін емес, тек қана кеш болмай тұрып, матуриди – ханафи сенімдік жүйесінінің жоғарды айтылған әшғари теологиясынан парқын, ерекшеліктерін оқытуды және халыққа таратуды формалдық емес, жүйелі түрде философиялық танымдық тұрғыда іске асыруға көшуіміз керек. Және әсіресе Абай мен Шәкәрімнің теологиялық, дін философиялық ойларын ғылыми зерттеуді, оқытуды мемлекеттік деңгейде қолға алуымыз аса маңызды. Өйткені, өз заманында ескі мен жаңаны үйлестіре отырып жаңа жол, санаға жаңа таным сыйлаған бұндай тұлғалар басқа мұсылман жұртында кем, тіпті жоқ.
Оның үстіне, заманалар бойы Орта Азия екеңістігінде салтанат құрған көшпелі жұрт – бабаларымыздың мың жылдар бойы ғаламды, табиғатты зерттеу тәжірибесімен барлыққа келтірген аса бай мәдениетімізді сақтап қалу да өте маңызды болып отыр. Бұл жерде мәдниет дегеніміз әсте музейлерді толтырған дүниелер емес, осы дүниені барлыққа келтірген бабаларымыздың ақыл- парасаты. Бұнсыз біздің Түркілігіміздің, көшпелі өркениеттің мұрагері екеніміздің түк те мағанасы жоқ.
(қосымша ретінде)Егер, өзіміздің тарих санамызды осы бастан қалпына келтіріп, оны бүгінгі адамзаттың ортақ құндылықтарына үйлестіре жаңғыртпайтын болсақ, біздің ел топтар мен жіктердің бітпес теке-тіресіне айналып кетеді. Ең жаманы бұл текетірес демократиялық құндылықтарды өз мүдесіне пайдалана отырып билікке ұмтылады. Түрлі топтар демократияны халықтың сеніміне кіру арқылы дауыс жинап елге билік жүргізу деп ұғады. Әсіресе, діншіл топ пен табиғи түрде қалыптасқан оның қарсыласы сөзсіз демократияны осылай түсінеді. Бұндай құбылыс ортаға шыққанда, елдің тұрақты дамуы мен заңның үстемдік құруы мүмкін емес. Өйткені бұл топтар не істесе де ел үшін емес, өзінің саяси мүдесі үшін ғана істейді. Елдегі арбір келеңсіздікті өз пайдасына қолданады дегендей...
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер