Екінші күн: Мәліктің рухы мәңгі халықпен бірге

2227
Adyrna.kz Telegram

Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаев пен академик Мәлік Ғабдуллин арасындағы рухани байланыс сонау 1938 жылдан басталды. Екі тұлға арасындағы ағалық-інілік қарым-қатынасты Бауыржан Момышұлына қаныштанушы Медеу Сәрсекейге жазған хаттарынан да аңғаруға болады.

Мәлік Ғабдоллаұлы – 1972 жылы 5 сәуірде жазған хатын былай бастаған. «Құрметті Медеу! - Біз бір-бірімізді сырттай болмаса жақын жуысып білмейтін болуымыз керек. Оның оқасы жоқ. Мен бүгін Сізбен танысып алдым, сондықтан да осы хатты жазып отырғаным ғой.
Сізбен танысуыма себеп болған... «Жұлдыз» журналында... шыққан әңгіме – хикаяңыз болды. Ғажап дүние екен. Шын көңілден құттықтаймын, Сізге бұдан былай да жемісті еңбек тілеймін. Сюжет құруыңыз, тіліңіз әдемі екен.

Менің Сізге берер кеңесім:

...Шығармаңызды осы күйінде, әңгіме түрінде қалдырмаңыз. «Жизнь замечательных людей» дәрежесіне көтеріңіз. Қаныштың өмірін ең кем дегенде үлкен-үлкен екі том етіп жазыңыз (І кітапта: Қаныштың балалық шағы, оқудағы кезі, судьялық қызметі, студенттік өмірі т.б. ІІ кітап: Қаныш – Жезқазғанда, Қаныш – инженер, Қаныш – Қазақстанның кен байлығын зерттеуді ұйымдастырушы және бұл іске тікелей қатысушы. Қаныш – ғалым, академик, президент, мемлекет қайраткері, нағыз Азамат). Қанекең өмірі туралы материал көп қой. Соларды жинаңыз, зерттеңіз. Қысқасы, Қаныш жайында бір әдемі көлемді шығарма күтеміз Сізден", -делінген...


Ал бұл байланыс қос тұлға өмірден өтсе де осы уақытқа дейін үзілмей келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.

Бүгін музей қызметкерлері "Мәліктің рухы халықпен " атты танымдық-тағылымдық экспедициясы аясында Қаныш Сәтбаев музейінің экспозициялық залдарымен танысып, өзара тәжірибе алмасып қайтты.

Бізді музей директоры Тұяқбаев Өмір мен бөлім бастығы Бахытжамал Айтмұхамбетова ерекше ықыласпен қарсы алды.

Бұл экспедицияның екінші күні. Кездесу барысында қос музей рухани-мәдени шығармашылықты нығайту мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойып, болашақта бірлесіп жұмыстар атқару туралы келісімге келді.

Естеріңізге сала кетейік, экспедицияның бірінші күні Бауыржан Момышұлы атындағы "Жас Ұлан" республикалық мектебінде болған едік.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер