Сәби саудасы: Перзентханадан шығысымен шақалағын 2 миллионға сатқандар ұсталды

2626
Adyrna.kz Telegram
Алматылық ата-ана ауыр қылмысқа барды. Олар перзентханада жөргегіне оранып, көзін жаңа ашқан сәбиін саудалап жатқан жерінен ұсталды. Алмалы ауданының полиция қызметі оларды қылмыс үстінде құрықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Сәубиді саудаға салып, таразыға тартпақ болған ата-анаға қатысты Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев былай деп мәлімдеме жасады:
"1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар қызын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін “әлеуетті ата-ананы” алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді маман.
Сонымен қатар, көпес ерлі-зайыптылардың екі баласы бары анықталды. Олар ауыр қылмысқа барғандарын ашық мойындап отыр.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер