"Бұл хат арандатушылық. Министрдің ойыны"

2934
Adyrna.kz Telegram

Біз кеше ғана "Адырна" ұлттық порталының поштасына танымал әртіс Тұңғышбай Жаманқұловтың Елбасынан кешірім сұраған хаты келіп түскенін жариялаған болатынбыз. Онда хатты жіберген оқырман атақты әртістің жақында Президент Назарбаевтан кешірім сұрады делінген хатты мәтінімен суретін қоса жіберген болатын.

Бүгін осы хатқа байланысты Тұңғышбай Жаманқұловтың өз аузынан жауабын естідік.

"Бұл баяғыда сотқа дейінгі, мәдениет министрінің соңымнан қалмай, адамдар салып жүріп жаздырған хаты. Мен театрдың жұмыстарымен Шымкентте жүрген болатынмын. Арыстанбек Мұхамедиұлының тапсырмасымен маған Сәбит Әбдіхалықов келді. Министрдің сәлемін айтты "Сіз сотқа дейін Елбасына кешірім сұрап хат жазыңыз. Мен қаржыны байқамай жеп қойыппын.Кешіріңіз деп". Мен айттым мен олай жазбаймын. Жазсам басқадай жазамын дедім. Сосын, бұл хатты Сәбит Арыстанбек Мұхамедиұлына, Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Әбішұлына беру керек болған. Ал, олар ол хатты бермей әдейі сақтап қалған. Бұл хат арандатушылық. Бұл министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ойыны. Сенбесеңіз хаттың аяғын қараңыз. Әдейі датасы жазылған жерді суретке түсірмеген. Яғни, бұл саяси тапсырыс" деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Алдағы күндері "Адырна" ұлттық порталы Тұңғышбай Жаманқұловпен тікелей эфир өткізеді. Сол кезде тақырыпты кеңінен талқылайтын боламыз.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер