Ресей билігі Байқоңырдағы жергілікті тұрғындарға ресейлік төлқұжаттарды таратуда - Желі пайдаланушысы

3701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/b1de1342-2a60-4153-b19d-0ea91a09aaa5.jpeg

Қазақстанның Байқоңыр қаласында Ресей билігі жергілікті тұрғындарға Ресей төлқұжатын таратып жатыр. Бұл туралы ақпаратты MAITANOV_online телеграм арнасына оқырман жіберген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Алматыдағы Ресей елшілігі Байқоңыр тұрғындарының азаматтығын өзгерту туралы өтініштерін қабылдағалы жатыр. Сондай-ақ, Ресей азаматтығын алған қазақстандықтардың тізімі бар екені хабарланды.

“Ресей Федерациясының Алматыдағы консулдығы Байқоңыр қаласының тұрғындарынан ата-анасының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетел

азаматы болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштерін қабылдайды. Қазірдің өзінде Ресей азаматтығына қабылданған қазақтардың аты-жөнінің тізімі бар. Ресей билігінің мұндай әрекеттері Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді және Байқоңырда немесе елдің басқа аймақтарында (Шығыс Украинадағы ДХР/ЛПР деп аталатын) сепаратизмнің алғышарттарының туындау қаупін тудырады деп есептеймін”, деп жазылған телеграм арнасында.

Комментарии