Әзірбайжан құтқарушылары Түркияға алғашқы болып қол ұшын созды

2491
Adyrna.kz Telegram

"Екі мемлекет, бір миллиет (ұлт)" идеясын мықтап ұстанатын Әзірбайжан мемлекеткеті түрік бауырларына қол ұшын созу мақсатында құтқарушылар тобын жасақтап, дереу жетті. Тарқатып айтқанда,  бауырлас елдің азаматтары алтыншы ақпан, түсауа түрік топырағына келіп қонды.  Әзірбайжан ақпарат порталының хабарлауынша, олар Түркияға алғашқы болып қол ұшын созған. Қазақ елінің азаматтары да бауырларды қолдауға аттанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігі Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша бауырлас елге 370 адамнан тұратын жедел әрекет ету және құтқару күштерін жіберуге дайын екенін жариялаған.

Сонымен қатар, бүгін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес, Түркиядағы қатты жер сілкінісінің салдарын жою, оңтайландыру мақсатында бауырлас елге Төтенше жағдайлар министрлігінің тағы екі ұшағы барады.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары да Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Бұған қатысты әскери журналист Амангелді Құрметұлы он төрт сағат бұрын төмендегідей пікір білдірген:

"Қазақстан құтқарушылары Түркияға ұшпақ екен. Алдымен Астанадан Алматыға ұшады. Содан соң Түркияға аттанады. Бірақ Алматы әуежайы ТЖМ ұшағын әзірге қабылдай алмайды екен. Ауа-райының қолайсыздығы болар. Демек біздің құтқарушылар ерте дегенде ертең жетеді-ау" деп жазды автор.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер