“Еуропа аруы” атанған қазақстандық дзюдошы жарыста қарсыласын не үшін тістеп алғанын түсіндірді

3569
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадірова Парижде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирі кезінде қарсыласын неге тістеп алғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстандық қыз 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің алғашқы кездесуінде бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жібергенімен, қарсыласын тістеп алған. 

"Сынап жатқандарға жауап бергім келеді. Кеше мен Париждегі "Үлкен дулыға" турнирінде бельгиялық спортшымен жекпе-жекке шықтым. Ол шынтақты ауырту тәсіліне көшті. Мен берілуге белгі бердім, бірақ соған қарамастан бельгиялық спортшы қолымды сындыруды жалғастырды.

Шынтағымның сырт еткенін естігеннен кейін, мен оны автомат түрде тістеп алдым, басқа амалым болмады. Осының бәріне қоса, төреші мүлде жауап қатпай, жекпе-жекті тоқтатпады.

Айтпақшы, маған жағымсыз сөздер жазып жатқан еркектер... Егер сондай батыр болсаңыз, маған өз нөмірлеріңізді жазып, ойыңыздағыны бетіме айтып көріңіз, егер батыл болсаңыз, әрине", - деді спортшы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер