"Анимацияның көсегесі қашан көгереді?" - Адай Әбілдинов

2154
Adyrna.kz Telegram
Қадірменді оқырман, назарларыңызға "Қазақстанның анимациялық студиялар Қауымдастығының" төрағасы Адай Әбілдиновтың шығармашылық және мәдениет саласындағы келеңсіздіктерді сөз етіп,  проблеманы ашып көрсеткен өткір жазбасын ұсынамыз. "Адырна" ұлттық порталы бұл мәселеге қатысты бұған дейін де жазба жариялаған еді. 
Біріншіден, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" комплаенс-офицері Марат Болысбекович Камзолдаевтың алдыңғы жарияланымға қатысты егжей-тегжейлі түсіндірмесі үшін алғыс айтамыз. Дегенмен біздің "ГЦПНК" КЕАҚ басшылығының ресми түсініктемесін тыңдағымыз келген еді.
​Екіншіден, Kazakhcinema-ның ресми парақшасында жазылған жайтқа анықтаманы талап етеміз. Ол жерде  комплаенс-офицер "Dala animation" ЖШС атынан Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында орын алған алаяқтықтың бұрын-соңды болмаған фактісін аңдаусызда айтып қалды. Мұны толық түсіндірулері керек.
​2022 жылғы 6 қыркүйекте "Dala animation" ЖШС-нің, атап айтқанда студия басшысының телефон нөміріне белгісіз нөмірден қоңырау келіп түседі. Хабарласушы өзін " ГЦПНК" КЕАҚ Басқарма Төрағасы Есетжан Мұратұлы Қосубаевпын деп таныстырады.  Қоңырау шалушы студия басшысынан "Ашина" толық метражды анимациялық жобасын қаржыландыру бойынша алғашқы транш алған 5 000 000 теңгеге тең ақшалай соманы беруді сұрайды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша компания басшысы еш кідірместен белгіленген соманы хабарласушыға береді. Алайда, Е. М. Қосубаев мырза студия басшысына хабарласып, бір тиын да сұрамағаны белгілі болады. Жәбірленуші дереу тиісті өтінішті Алматы қаласының Бостандық АІІБ-не жібереді, нәтижесінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Алайда, қазіргі уақытта жүргізілген іс белгісіз себептермен аудандық ІІБ деңгейінде тоқтап тұр.
Орайы келгенде айта кету керек, мұндай жалған қоңыраулар сол кезде қаржыландыруды мойнына алып, "ГЦПНК" КЕАҚ-мен шарт жасасқан басқа жеткізушілерге де келіп түскен.
Осыған байланысты төмендегілей орынды сұрақтар туындайды:
-Неліктен "ГЦПНК" КЕАҚ басшылығы  бұл оқиға мен комплаенс-қызметі басқа жеткізушілерге қатысты осындай жағдайлардың қайталану мүмкіндігін болдырмау үшін қарекетсіз немесе үнсіз қалды?
- Неліктен бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан болып жатқан оқиғаларға байланысты ешқандай реакция болған жоқ?
- Қандай себеппен 5 ай бойы іс аудандық ІІБ қарауында болды және неге осы уақытқа дейін Алматы қаласының прокуратурасына да, ҚР Бас Прокуратурасына да осы факт бойынша "ГЦПНК" КЕАҚ тарапынан өтініш болған жоқ?
- "ГЦПНК" КЕАҚ мен жеткізуші арасындағы қаржылық қатынастарға қатысты ақпарат пен мәлімет сыртқа қалай тарайды?
- Осы оқиға және "Dala animation" ЖШС-нің бүгінгі күні "ГЦПНК" КЕАҚ талап қоюы бойынша сотта жауапкер болып табылатындығы арасында қандай да бір байланыс бар ма?
Осы және өзге сұрақтарға қатысты өкінішке қарай әлі мардымды жауап жоқ!
"Қазақстанның анимациялық студиялар Қауымдастығы" ЗТБ төрағасы
Адай Әбілдинов
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер