Сандар сөйлейді: "1 миллионнан астам қазақстандық кедейлікте күн кешіп жатыр"

4586
Adyrna.kz Telegram

"Ranking.kz" порталы 2022 жылғы үшінші тоқсанының қорытындысын шығарды. Сайтта  халықтың әлеуметтік деңгейі және тұрмысы төмендердің үлесі жариялады. Өкінішке қарай, сандар бізге жақсы сөйлемеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен де табысы төмен үй шаруашылықтарының саны артып отыр. Олар бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,5% өсіп, 180,9 мыңға жетті. Үй шаруашылықтарында тұратын 1 млн адам бар. Яғни олардың саны бір жыл бұрынғыдан 2,9%-ға көп, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ranking.kz салыстыру үшін мынадай дерек келтірді. Бір жыл бұрынғы кезде елде дәл осындай төмен табысы бар 173,2 мың үй шаруашылығы (бір жылда 7,5% азайған) болған. Биылғы көрсеткіш былтырғы көрсеткіштен жоғары. Дегенмен 2020 жылғы "коронадағдарыс" кезінде ең жоғары көрсеткішке жеткен кездегіден төмен (187,2 мың үй шаруашылығы).

Өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен үй шаруашылықтары Түркістан облысында көп. Олар - 25,4 мың. Бір жылда 1% азайған. Сонымен бірге кедейлік шегінен төмен тұратын халық саны да осы өңірде қоныстанған. Олар - 191,1 мың адам.

Түркістан облысынан кейін ең нашар көрсеткіш Алматыға тән (15,9 мың үй шаруашылығы, бір жылда 3,1% азайған). Кейінгі қатар Шымкент (14,6 мың үй шаруашылығы, 26% көбейген), Маңғыстау (12,9 мың үй шаруашылығы, 21,3% көбейген) және Ақмола (12,6 мың үй шаруашылығы, 28,7% көбейген) облыстарына тиесілі.

"Ranking.kz"-тің жүргізген есебі 

Табысы аз үй шаруашылықтарының саны аз өңірлер Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер